1Түркістан қандай қала? А. Қазақстан Республикасындағы тарихи қала.
Ә. Қазақстан Республикасындағы жаңа қала.
Б. Қазақстан Республикасында жоқ қала.
2Түркістан бұрын қалай аталған?
А. Сайрам
Ә. Ясы
Б. Атасу
3Ахмет Ясауи кесенесі қашан тұрғызылды?
А.ХХІ ғасырда
Ә.ХХ ғасырда
Б. XIV ғасырдың соңында
4Ахмет Ясауи қай жерде туған?
А.Оңтүстік Қазақстанда, Сайрам деген жерде
Ә.Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар деген жерде
Б.Батыс Қазақстаноблысы, Миялы деген жерде
5.Ахмет Ясауидің қандай еңбегі бар?
А. «Абай жолы»
Ә. «Құтт білік»
Б. «Диуани хикмет»
6. Дүкенбай Досжан қай жерде, қашан дүниеге келген?
А.1942 жылдың 9 қыргүйегінде Қызылорда обласы, Жаңақорған ауданы, Құланшы ауылында туған.
Ә. 1976 жылдың 27 наурызында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде ауылында туған.
Б.1985 жылдың 15 ақпанында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жәйрем ауылында туған.
7Дүкенбай Досжан кім?
А.Шашатаразшы, қолөнерші, елгезек, мұғалім.
Ә. Суретші, әнші, биші, аспаз.
Б. Жазушы, әдеби қызметкер, аға редактор, бөлім меңгерушісі.
8Дүкенбай Досжан неше роман, хикаят, әңгіме жазған?
А. 1 роман, 12 хикаят, 10-нан астам әңгіме жазған.
Ә. 11 роман, 22 хикаят, 100-ден астам әңгіме жазған.
Б. 38 роман, 202 хикаят, 150-ден астам әңгіме жазған.
9Дүкенбай Досжан қашан қайтыс болды?
А. 2013 жылдың 15 қыргүйегінде қайтыс болды.
Ә. 2015 жылдың 16 тамызында қайтыс болды.
Б.2020 жылдың 22 желтоқсанында қайтыс болды.
2010 жылы Алматыда қандай форум болды?
А. «Болашақ тек жастардың қолында» атты форум
Ә. «Жаңа Жібек жолы: ұлы дәстүрден туризм мен ынтымақтастықтың қазіргі озық үлгілеріне» атты форум
Б. «Қазақстанда туризм мен инфрақұрылымды дамыту жолдары» атты форум
Бұл форумға кім қатысты?
А.мұғалімдер, мектеп директорлары
Ә. аспазшылар, қолөнершілер
Б. 25 ірі қаланың мэрлері қатысты
Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» романында оқырманды немен таныстырды?
А.Қыпшақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, өнерімен таныстырды
Ә.Алматы қаласының әдемі жерлерімен
Б.Қарағанды қаласындағы кен орындарымен
Әлемнің екінші ұстазы кім?
А.Ыбырай Алтынсарин
Ә. Әбу Насыр әл-Фараби
Б.Балуан Шолақ
Қыпшақ әміршісі кім?
А. Жүсіп Баласағұни
Ә. Қожа Ахмет Ясауи
Б. Иланшы Қадырхан
Дүкенбай Досжанның шығармалары қанша тілге аударылды?.
А. 20 тілінде жарияланған
Ә.12 тілінде жарияланған
Б. 10 тілінде жарияланған
Дүкенбай Досжанның шығармасы қандай сыйлыққа ие болды?
А. «Бағыттамалы бұрманың қызметі» тақырыбында шығармасы үшін «Тарлан» сыйлығы
Ә. «Мен өз елімнің патриотымын» шығармасы үшін «Жұлдызың жарқырасын» сыйлығы
Б. Украинадағы «Днепро» ба Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алды.
Ереже,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты:Сабақ мазмұны арқылы патриоттық,адамгершілік тәрбие беру.
Дамытушылық мақсаты:Жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың таным
қабілетін дамыту.Өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдістері:сұрақ-жауап,баяндау,Венн диаграммасы т.б
Формасы:ұжымдық,жұптық,жеке.
Көрнекілігі:Плакат,суреттер,интерактивті тақта т.б
Сабақ барысы:Ұйымдастыру
1.Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;
2.Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.
1-кезең.Өткенге шолу немесе сөз сыры
2-кезең.Білгенге маржан.
3-кезең.Ізден,тап
4-кезең.Не білдім?Не үйрендім?
1-кезеңде оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша тест сұрақтарына жауап береді
Тест 9 сұрақтан тұрады тұрады.Тестті дұрыс шешкенде ҚАЗАҚСТАН сөзі шығады.
ҚАЗАҚСТАН сөзін толық тапқан оқушыны жетон беру арқылы бағалау
.
Сұрақ:—Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
-Біз қандай мемлекетпіз?
-16 желтоқсан қандай мейрам?
-Елбасымыз өз жолдауында: «Біз өткенімізді ұмытпай,келешегімізді ойлауымыз керек.Бүгінімізді бағдарлап,жастарымызға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруіміз керек»деген еді.Осы сөздегі өткеніміз,келешегіміз,бүгінгіміз деп қай кезеңдерді айтып отыр?
(Оқушылар сұраққа жауап берген соң,жаңа сабақтың тақырыбын хабарлайды)
Жаңа сабақ:
Осы шақ оның түрлері(2-кезең. Білгенге маржан)
Осы шақ
Ауыспалы осы шақ-а,-е,-й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады, сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады.Мен Шалқарда тұрамын
Мен болашақта Шалқарда тұрамын
Нақ осы шақЖалаңКүрделіОтыр
Тұр
Жүр
Жатыр
ОтырмынОқып отырмын
-ып,-іп,-п,-а,-е,-й
Біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.(Нақ осы шақ,күрделі түрі)
Мен достарыммен тәуелсіздік монументінің қасында тұрмын.(Нақ осы шақ)
Біз,қазақ жастары,өміріміздің жақсы болатынына сенеміз.(Ауыспалы осы шақ)
Жоғарыдағы сөйлемдерді оқушылармен бірлесе отырып,талдайды.Жақсы араласып отырған оқушыға жетон беріледі.
3-кезең. «Ізден,тап»
Оқушылар,сіздер алған білімдеріңіздің мына жаттығу арқылы тексергім келеді.Ол үшін мына берілген парақшаларға оқылған сөйлемдердің қай шақта тұрғанын жазып отырыңдар.Кітап жабылады.128-жаттығу оқылады.Оқып болған соң, оқушылар бір- бірін тексереді.
Жұптық тексеру.
Жаттығудың дұрыс жауаптары:
1-сөйлем (н.о.ш)
2-сөйлем (н.о.ш)
3-сөйлем (а.о.ш.)
4-сөйлем (ж.ө.ш)
5-сөйлем (а.о.ш)
6-сөйлем (а.о.ш)
7-сөйлем (а.о.ш)
Нәтижесінде: «4» пен «5» алған оқушыларға жетон беріледі.
Келесі тапсырма:129-жаттығу.Шығармашылық тапсырма.Берілген қалып етістіктерді қатыстыра отырып,сөйлемдер немесе мәтін құрастыру.Мысалы:
Үкімет үйінің үстінде Республиканың туы желбіреп тұр.Көк аспанда бейбітшілік символы ақ көгершіндер ұшып жүр.Алаңда жастар Қазақстан жұлдыздарының өнерін тамашалап тұр.Ардагер қарттар алдыңғы қатарда отыр.Мен осындай мемлекетте өмір сүргенімді мақтан етемін.
Балалар,сендер бұл кезең бойынша да өз білімдеріңді көрсете білдіңдер. «Іздеген жетер мұратқа»дегендей әрқашан ізденуден шаршамаңдар.(Жетон беріледі)
4-кезең. «Не білдім?Не үйрендім?»кезеңі
Бұл кезеңнен өту үшін мына тапсымалар орындалады.
Венн диаграммасы:Не білдім?Не үйрендім?
Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ