Робинзон Крузоның бір күні.
Белгілі жазушы Даниэль Дефоның "Робинзон Крузо" атты романын білмейтін адам жоқ шығар,сірә.Мектеп кезінде кітапта берілген үзіндісін оқыдық,фильмін де көрдік.Кейіпкердің иесіз аралда жалғыз өзі шамамен жиырма сегіз жыл бойы өмір сүріп,тірі қалуы барлығымызды да таңдандырады.Ал Робинзон Крузоның әр күні бір-біріне ұқсамайтын.Әр күнде жаңа жаңалықтар,қиындықтар болды.Енді Робинзон Крузоның өз күнделігіне жазғандай бір күні,яғни оның ішіне алғашқы күніне тоқталып өтейік.
Ол өз күнделігінде бұл күнді "1659 жылы,30 қыркүйек" деп көрсеткен еді.Бұл оның кемесінің апатқа ұшырып,тек өзіның аман қалып,ессіз аралға тап болған күні.Түн ортасына дейін оны неше түрлі ойлар мазалады.Әрине,ол ойлар:аштық,үйінің жоқтығы,киімі мен қаруының болмауы еді.Оның жаудан қорғанатын жері де болмады.Робинзон Крузо алда тек өлімді күтті.Оны не жыртқыш аңдар,не жабайы адамдар жейді,не болмаса ол өзі аштықтан өледі.Осындай ойлармен ол ағаш түбіне жатып,жаңбыр жауып тұрса да қатты ұйқыға кетеді.Ия,бұл – Робинзон Крузоның бір күні.Бұл туындыдағы бас кейіпкер өзінің қайсарлығы,батылдығы мен ептілігінің арқасында тірі қалған еді.
Көркемдегіш құралдар деген не?
Көркемдегіш құралдар – автордың шығарманы әсерлеу,бейнелуіне септігін тигізіп,оның шеберлігін танытатын құралдар.Ондай құралдарға ажарлаудың,құбылтудың түрлерін жатқызуға болады.Олар:эпитет,теңеу,метафора,метонимия,кейіптеу,аллгория,синекдоха,литота т.б.
Өлеңдегі көркемдегіш құралдар.
1) Өлеңде эпитет бар.Олар: тал шарбақ,тас қала.Эпитет – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.Өлеңдегі екі эпиттет де заттың сипатын ерекше ашып тұр.
2) Метонимия қолданылған.Ол : жан сақтап.Метонимия – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Бұл жерде "жан сақтау" – тіршілік ету,өмір сүру деген мағынаны астарлап тұр.
3) Тұрақты тіркестер кездеседі.Олар:ат құйрығын кесермін,ат сауырын беру.Тұрақты сөз тіркестері – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы."Ат құйрығын кесу" мағынасы – қарым-қатынасты үзу,ал "ат сауырын беру" – бөлініп,басқа жаққа кетті деген мағынада.
4) Риторикалық сұрау қолданылған:
Сонда, ханым, не десін?
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересін?
Риторикалық сұрау(лепті сұрау) – шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.
5) Сонымен қатар өлеңде аллитерация мен ассонанс қолданылған.Аллитерация:
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!
Бұл жерде "Т" дауыссыз дыбыс қайлатанып тұр.Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.
Ассонанс:
Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырын берермін,
Алыста дәурен сүрермін.
Бұл жерде "А" дауысты дыбысы қайталанып тұр.Ассонанс –өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.
«Ортеке» күйі арқылы ойналатын қуыршақ ойыны ерте замандарда балаларға домбыра үйретіп, олардың өнерлі болып өсуіне де зор үлес қосқан. Балалардың неге қызықса соны тез үйреніп алатын қасиетін жақсы білген бабаларымыз жаңағыдай қуыршағы арқылы балаларды қызықтырып отырған.
Белгілі зерттеуші, ғалым А.Жұбанов 1935 жылы «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, «Ортеке» қуыршақ биі туралы деректер келтірген. Онда: "Ойын кезінде қуыршақ секіріп, бірде орғып, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Кейбір кезде домбырашылар оған жылқының, еркек пен әйелдің бейнелерін қосатын болған. Олар әуеннің ырғағымен билейді. Шебер орындаушы домбырада күй тартып, жоғарыда атап өткен бейнелерді түрлі қимылдарға келтіріп, бірде секіртіп, бірде жүгірткен. Яғни, секірген теке қимылдарын жасай білген", - деп жазған.
Ортеке қуыршағы әртүрлі көлемде болады. Ол негізінен жасаушының ойлау ерекшелігі мен шертушінің шеберлігіне байланысты. Күйші Абдулхамит Райымбергенов: «Бұрынғы мезетте үш ортекені – «Ата ортеке», «Әке ортеке», «Бала ортекені» ойнатқан. Бір адам ең көп дегенде төрт ортекені саусағына ілінген жіптер арқылы басқарып, күй ырғағына билете алады», – дейді. Ал атақты күйші Мұрат Өскенбаев «Сегіз лақ» күйін тартқан кезде сегіз текені тұғырға орнатпай-ақ жерге қойып ойнатқан деседі.
Ел ішінде осы «Ортеке» қуыршақ күйінің шығуы туралы түрлі аңыздар бар. Солардың ішінде бір-біріне қарама-қайшы келетін екі нұсқасына тоқталуды жөн көрдік. Екі аңыздың да астарында ұлтымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен өзара түсіністігі жатыр.