М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
bilayenot
bilayenot
02.02.2021 11:50 •  Қазақ тiлi

Онлайн мектеп все ответы. Казахский язык 5 класс Тема:
Ғаламшарлардың зерттелуі

Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады. Мысалы: Ай мен Жердің арасы өзгелермен салыстырғанда алшақ емес. Плутон енді күн жүйесіне енбейді, бірақ бұрын ғаламшар болып саналған.
Жалғаулықтар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сыңарларын әртүрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, һәм, әрі.
Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.
Жалғаулық шылаулар мен септеуліктерді салыстыра қарасақ, мынадай ерекшеліктер байқалады:
1. Екеуі де сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Бірақ септеуліктер бір сөзді екінші сөзге бағындыра байланыстырып, сөз тіркесін кұрауға немесе бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемді байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрауға негіз болса, жалғаулықтар екі сөзді тең дәрежеде байланыстырып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін құрауға немесе жай сөйлемдерді салаластыра байланыстырып, салалас кұрмалас құрауға негіз болады. Тек шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар ғана (егер, егер де) бағыныңқы сөйлем мен басыныңқы сөйлемді байланыстырады.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
laxier
laxier
02.02.2021
Шымбұлақ" тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Таудың кереметтей көрінісі, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндердің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы, осында туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады. Шымбұлақты желтоқсаннан сәуір мезгіліне дейін қар басып жатады. Мұнда келіп, шаңғыға алғаш рет тұрғандар да өзін өте ширақ сезінеді. Тау шаңғы спортын сүйетіндерді кез келген қажеттегі және шеберлік деңгейдегі тау баурайлары мен шаңғы трассалары, шапшаңдықпен түсетін және слалом –алыптар трассалары, ыңғайлы көтергіштер, тау шаңғы мектебі қуанта алады.
Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, «бэби-лифт» - көтергіші бар балалар алаңы құрылған. Курортта қонақ-үй, мейрамхана, боулинг және сауна моншасы бар.
Шымбұлақты еш жерде қайталанбайтын атмосфера, ерекше рухани күш жайлаған. Мұнда демалыстың басқа түрлерінен гөрі, айдындай тайғанақ мұз жолдарын қалайтын, шаңғышылар; шеберлітерімен деміңді ішінен алып таң қалдыратын, экстремальды секіретін және қилы бұрылыстар жасап түстін, батыл сноубордшылар келеді.
Шуақты күндері Шымбұлаққа мыңдаған демалушылар ағылып келіп жатады. Отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына (теңіз деңгейінен 3163 м биіктіктегі) шығуға болады. Бұл кәсіби шаңғышылардың ұнататын жері, өйткені мұнда асудан түсетін жер өте тік. Талғар асуынан альпинистер шыңдарды бағындырады. Ал әрі қарай одан биік – тек жұлдыздар.
4,5(2 оценок)
Ответ:
АнгелТих
АнгелТих
02.02.2021

Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.

Объяснение:

4,5(100 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ