Қазақтың салт-дəстүрлерінің бірі тұсау кесу.Бұл рəсімде кішкентай енді жүріп үйреніп келе жатырған баланың тұсауын кеседі.Ол үшін алдымен жерге тəй-тəй деген ақ матаны төсейді.Содан-соң ақ матаның соңына домбара кітап ақша т.б заттарды қояды.Содан соң ескерерлік жайт тұсауын кесетін қыз болса қыздың тұсауын қыз кесуі керек ал ұл болса ұл кесуге міндетті. Тұсауды кесерде баланың аяғын ала жіппен байлау керек.Сонан соң бала ақ жолды жүріп өтерде тұсауын кеседі.Жүріп өтіп бала өзіне ұнаған кез-келген затты алады. Мысалы бала домбыраны алады. Сондықтан үлкендер баланы домбырашы болады деп ырымдайды. Міне тұсау кесу рəсімі осылай орындалады.
Алматы метрополитені — алматы қаласында салынып жатқан метрополитен жүйесі. алғашқы бөлігі 2011 ж. 1 желтоқсанда ашылды. заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін алматы метрополитенін салу барысында «herrenknecht ag» неміс компаниясының «herrenknecht s-320» жоғары өндірісті тоннел қазушы кешені сатып алынған. алматы метрополитені еліміз үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. жоба бойынша, метроның алғашқы кезегі фурманов пен райымбек даңғылының қиылысы мен абай және гагарин көшелерінің қиылысын жалғайды. бұл жұмыстар ресейлік «лайтон» аақ қоғамының еншісінде. туннельдерде рельс салу, бейне-теле бақылау жұмыстары да ресейліктердің еншісінде алматы метрополитені қазақстандағы алғашқы, орталық азияда екінші (ташкент метрополитенінен кейін) және тмд-дағы 16-шы немесе 17-ші метрополитен болды. алғашқы кезеңде вагондарды жөндеу мен техникалық тұрғыдан қызмет көрсету жұмыстары депода жүргізіледі. «2012 жылы алматы метросындағы жолаушылар ағымы тәулігіне орташа есеппен 30-40 мың болады, кейінірек 2015-2020 жылдары бұл көрсеткіш 300 000 ға дейін жетеді» деген болжам бар. бұл мәліметтерді «алматыметроқұрылыс» ақ директоры мұрат үкшебаев мырза да растады. алматы метрополитені 2011 жылдың желтоқсан айында, тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді .[1] алматы метросының жолаушылар тасымалдау мүмкіндігіне сараптама жасаған зерттеу институты тәулігіне 300 мың жолаушы тасымалдай алады деп болжаған еді. метрополитеннің үш бағытының ұзындығы 45 км. болады. ұзындығы 11,3 км. құрайтын алғашқы бағыт 9 бекеттен тұрады (оның ішінде төртеуі терең, қалғандары жерге таяу орналасқан). бағыт райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай фурманов көшесінің астымен абай даңғылына, одан әрі батысқа қарай алтынсарин даңғылына және өтеген батыр көшесіне дейін тартылған. жүру интервалы 10 минуттан (таңертеңгі және кешкі қысылтаяң уақыттарда) 19 минутқа (соңғы рейстерде)дейін. пойыздардың орташа ғы 40 км/сағ. қазіргі таңда бірінші линияның батыс бағытындағы қалқаман-3 ықшамауданына дейінгі құрылысы жүргізілуде. алматы қаласының батыс бағытындағы құрылысы аяқталғаннан кейін қаланың алматы-1 бекетіне дейінгі құрылысын бастау жоспарлануда.