" Денсаулық - зор байлық " Денсаулық- зор байлық деп бекер айтпаған.Әр адам үшін денсаулығы қымбат.Өмірде бәрінен бұрын денсаулық мықты болу керек.Әр адамның өз арманы, қиялы болады.Оларды жүзеге асыру үшін де денсаулық мықты болу керек.Әр адам өз денсаулығын күтіп жүру керек.Алдымен , дұрыс тамақтану керек.Одан кейін спортпен айналысу керек.Жеміс-жидектер көп жеу қажет.Дені саудың жаны сау деген мақал да бар.Денің сау болса жаның сау деген.Денің сау болса , сен жұмыс істей аласың, саяхаттай аласың , бақытты өмір сүре аласың.Ал мысалға денсаулығыңда бір ақау болса , онда сен емделу шараларын іздеп жүріп алтын уақыттарыңды кетіресің .Емі табылмаса, армандарың күл- талқан болып , өмірден түңілесің.Сол себепті мұның бірін де болдырмау үшін денсаулықты күту керек.
1) Реттік:
екінші, үшінші, төртінші, жетінші, оныншы, он бесінші, жиырмасыншы, жиырма бесінші, отыз жетінші, тоқсан алтыншы, қырық төртінші, жиырма жетінші, отыз сегізінші, алпыс алтыншы, жүзінші, елуінші, қырық тоғызыншы, елу екінші, тоқсан жетінші.
2) Топтау:
екіден, үштен, төрт-төрттен, жетіден, он-оннан, он бестен, жиырмадан, жиырма бестен, отыз жетіден, тоқсан алтыдан, қырық төрттен, жиырма жетіден, отыз сегізден, алпыс алтыдан, жүзден, елуден, қырық тоғыздан, елу екіден, тоқсан жетіден.
3) Болжалдық:
Бірнеше жолмен жасалады;
екі шақты, үштей, төрттей, жетіге таман, он шақты, он-он бес, жиырмадай, жиырма бестей, отыз жетідей, тоқсан алтыларда, қырық төрттей, жиырма жетідей, отыз сегіздей, алпыс алтыға таман, жүздеген, елудей, қырық тоғыздай, елу екіге жуық, тоқсан жетідей.