3 тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Мәтінге тақырып қойып, жоспар құрыңыздар. Жоспар 3 бөліктен құрылуы керек. ( ) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар тәуелсіздігіміздің нышандары болып табылады. Қазақстан Республикасының Туында күн сәулесі бейнеленген. Жер жүзіне нұрын шашқан күн сәулесінің астында қияға қанат қаққан қыран салынған. Ол – тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екендігін білдіреді. Елтаңбада көгілдір түстің үстіне шаңырақ бейнелеген. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан халықтардың достығын көрсетеді. Елтаңбаның бір бөлігінде ертедегі қанатты тұлпар бейнеленген. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Масақ Отанымыздың байлығын білдіреді. Әнұран — мемлекеттің салтанатты әні. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды қолын жүректің тұсына қойып, тұрып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.
Кіріспе бөлім: Қазақстанреспубликасыныңмемлекеттік рәзімдері туралы.Негізі бөлім:Тудың көк түске айналуы туралы.Қортындыбөлім:Әнұранның мемлекетінің салтанаты әніне айналған туралы.
Үш тілді білу қажет пе? Менің бұл туралы ойым басқалармен сәйкес келмейді. Менің пікірім көп тіл білген өте жақсы. Дегенмен біз білімді адам болу үшін үш тіл өте қажет дегенмен келіспеймін. Себебі, бізден бұрынғы ұрпақ негізгі білімді алғаннан соң, әрі қарай өздеріне қажет жолды таңдады, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізді. Үш тілді толық меңгереміз,- деп жүргенде біреуін де жақсы деңгейде меңгере алмай қаламыз ба, - деп қорқамын. Мысалы "Қазақ тілі, қазақ тілі" деп қанша жар салсақ та оны жүз пайызға үйренген адам өте аз. Бұл тек ұран болып қалды, өз деңгейіне жетпеді. Маған салса ана тіліңмен, ресми тілді толық меңгеріп, қалған тілді өз қалауың білсін,- дер едім. Міндетті түрде үш тілділікке көш, онан соң латын әрпін үйрен, бұның бәрін меңгеру мектеп оқушысына өте қиын.
Объяснение:
лайк❤басып тіркеліп кетейікші