М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
voronkovid
voronkovid
08.07.2022 14:02 •  Қазақ тiлi

Афины демократиялы мен спарта олигархиясының ерекшеліктерін салыстыру​

👇
Ответ:

Спарта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta), немесе Лакедемóн (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) — Балқан түбегінің оңтүстік бөлігіндегі Пелопенес аймағында орналасқан ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.б. 6 – 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Б.з.б. 12 ғасырда Оңтүстік Грекия жеріне дорийліктер басып кірген. Олар Лакониканы жаулап алып, Спарта мемлекетінің негізін қалаған. Спарталықтар бірте-бірте осы аймақтарды жаула бастады. Б.з.б. 7 ғасырдың ортасында Мессения алқабын да басып алды. Олар əскери лагерь құрып, соның негізінде Спарта қаласын салды. Дорийліктер өздерінің басты қаласы Спартаның атымен спарталықтармыз деп атады.

4,6(39 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ohcarl
ohcarl
08.07.2022

Объяснение:

БҮГІНГІДЕЙ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЙЛЫҚ БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҒЫП, КӨП НӘРСЕ КӨК ҚАҒАЗБЕН ӨЛШЕНЕТІН ҚОҒАМДА РУХАНИЯТТЫ ДАМЫТУДЫҢ, РУХАНИ БАЙЛЫҚ КӨЗДЕРІН КӨБЕЙТУДІҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ ЕКЕНІ АҚИҚАТ. СЕБЕБІ ҚОҒАМНЫҢ ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ – АДАМ. РУХАНИ АЗҒАН ОРТАНЫҢ АЛЫСҚА БАРМАЙТЫНЫ, АДАМНАН АДАМДЫҚ КЕТКЕНДЕ ҚОҒАМНАН ҚҰНДЫЛЫҚ ЖОЙЫЛЫП, ТАБИҒАТ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТЕН АЙЫРЫЛАТЫНЫ ШЫНДЫҚ. АЛАЙДА РУХАНИ БАЙЛЫҚ ДЕП ЖҮРГЕНІМІЗ НЕ? ӨЛШЕМІ ҚАНДАЙ? ОНЫ ҚАЙДАН АЛАМЫЗ? ОСЫ СҰРАҚ ТӨҢІРЕГІНДЕ ОЙ ЖҮГІРТІП КӨРЕЙІК.

Рухани байлық дегеніміз – мына өмірдің ақиқатына жетуге ұмтылу. Жетпесе де сол жолда әрекет ету. Айналып келгенде өзіңді, адами болмысыңды тану. Жер деген мекеннің жұмыр басты пендесі әлемді тануы үшін алдымен өзін тануы қажет. Себебі сен қандай болсаң, өмір сондай. Адам әлемге маңдайдағы көзімен емес, көкірек көзімен қарағанда ғана «қайдан келдім?», «не істеуім керек?» және «қайда барамын?» деген ең маңызды сұрақтарға жауап таба алады. Ізгі мақсаты болмаған адам қоғамның ең қауіпті дұшпаны болмақ. Себебі мына әлемде ештеңе де мақсатсыз жаратылмаған.

Қарап отырсақ, адамзат өз тарихында құпияларды ашуға, тылсым күштерді білуге ұмтылған. Және сол арқылы мына әлемде өзін толық қауіпсіз сезінгісі келген. Ұлы дала көшпелілерінің философиясынан да осыны аңғарамыз. Қорқыт атаның өлімнен қашуында, Асан қайғының жерұйықты іздеуінде үлкен философиялық мән бардай көрінеді. Олар осы әрекеттерімен өзгермейтін мәңгілікті, ақиқатты іздегендей. Алайда ақиқат пен шындықтың арасын ажыратып алу керек секілді. Ақиқат өзгермейді. Ал шындық өзгеруі мүмкін. Мысалы, жердегі пенде үшін таңертең күннің шығуы шындық. Ал ақиқатына келсек, күн еш жақтан шығып жатқан жоқ. Жай ғана жер күнді айналып жүр. Ендеше ақиқат біреу болса, оған жететін жол сан тарау. Пенде өзіне қолайлысын, әлі келетін жолды таңдап алады. Тек ақиқаттан адасып қалмаса болғаны.

Енді сол рухани байлықты қайдан аламыз? Адами құндылықтардан айырылып қалмау үшін не істеуіміз керек? Жан азығы жайлы айтылғанда көпшіліктің ойына әдеби кітаптар түсетіні анық. Ол орынды да. Қоғамның кейбір қарама-қайшы тұстарын шығарма арқылы жеткізіп, өмірдің мәнін терең ұғынуда көркем шығарма үлкен рөл атқарады. Адам болмысы мен мінезін ашу біз байқай бермейтін кейбір тұстарға тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Осылайша әдеби кітаптардан адам болмысынан әлемді тануды, керісінше әлемді тани отырып адамға үңілуді үйренеміз. Ал поэзияның орны бір бөлек. Поэзияға ғашық адамнан жауыздық күтпесеңіз болады. Бір елде түрмеге жабылғандар арасында сауалнама жүргізгенде ауыр қылмыс жасаушылардың барлығы дерлік поэзия оқымағандар болып шық¬қан. Осыдан-ақ әдебиеттің адам рухын байытудағы орны айтпаса да түсінікті. Қазір кітап оқымайтын жастар жайлы көп айтылады. Қоғамды өзгертетін басты күш – жастар екенін ескерсек, бұл да – алаңдайтын мәселе. Ендеше, сол мәселеге қатысты кейінгі буынның өзін сөйлетіп көрейікші.

4,4(85 оценок)
Ответ:
SovaUtuber
SovaUtuber
08.07.2022

Қазақ тілі олимпиадасына қатысқым келеді

Біздің мектепте қазақ тілі олимпиадасы болады. Басында бұл олимпиада мектеп бойынша болады. Біздің мектепте бірнеше олимпиадаларға жиі қатысатын оқушылар бар. Мен солардың ішіндемін. Мен қазақ тілін сүйіп оқитын оқушылардың бірімін. Қазақ тілім - өз тілім, туған тілім болғандықтан, мен қазақ тілін жақсы білемін.

Олимпиаданың ортасында қалалық олимпиада болады, қалалық олимпиадаға көптеген мектептерден оқушылар қатысады.

Және соңында бүкіл Қазақстандық олимпиада болады. Олимпиададан жеңу менің арманым.

4,5(77 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ