түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақтардың материалдык жəне рухани құндылықтарының даму сатысы; этномəдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне əр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1999-188ә) мен Ф.Энгель оны адамзат дамуындағы жоғары, жазусызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" ұштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға əсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылдықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Біріншіден оларға заңсыз аңшылық. Қазіргі таңда броконьерлер әлі де маралдарды заңсыз атуда. Маралдың мұйізі мен етіне деген қызығушылық әлі де сұранысқа ие.
Екіншіден маралдар мекен ететін жерлердің табиғатының бұзылуы. Қазір еліміздің көптеген өңірлерінде қазба жұмыстары жүргізілуде, соның салдарынан киіктер өз мекенін тастап басқа жаққа қоныс аударуда, ал сол факторлардың барлығы оларға кері әсерін тигізуде.
Үшіншіден мемлекет тарапынан дұрыс қолдау жоқ. Қызыл кітапқа енді, атуға болмайтын заң шықты, айыппұл салынады бірақ киіктердің басын көбейту әлі де жете қолға алынбай отыр.
Алдымен, киіктер мекен ететін аймақтарды қорғау керек. Ол жерлерде ешқандай геологиялық болсын, басқа болсын ешқандай жұмыс жүргізілмеуі керек.
Содан соң киіктерді қорғап , басын көбейтетін қорықтары мен ұйымдар ашу керек.
Келесі заңды күшейтіп, айыппұл орнына адамдарды бас бостандығынан айыру қарастыру керек.