М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ali0429
Ali0429
31.03.2022 14:44 •  Қазақ тiлi

цифры словами 1 24 33 50 81 16 38 54 61 73 19 48 66 75 84 7 23 44 60 71 11 36 59 63 85 9 31 47 74 83 по казахскому 4 класс

👇
Ответ:
мака2007
мака2007
31.03.2022

Вот

Объяснение:

Бір,жиырма төрт,отыз үш,елу,сексен бір,он алты,отыз сегіз,елу төрт,алпыс бір,жетпіс үш,он тоғыз,қырық сегіз,алпыс алты,жетпіс бес,сексен төрт,жеті,жиырма үш,қырық төрт,алпыс,жетпіс бір,он бір,отыз алты,елу тоғыз,алпыс үш,сексен бес,тоғыз,отыз бір,қырық жеті,жетпіс төрт,сексен үш

4,5(99 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
pavlovaanastasia30
pavlovaanastasia30
31.03.2022
Петропавл (қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.[4]Паланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-нің әскери бекінісі ретінде қаланған. Алғашында әскери форпост, кейіннен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір менТүркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтанның Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алуы болды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері менОрта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Патша өкіметі Петропавлда сауданың дамуына көмек беріп, онда қалалық Қоғамдық банк ашты (1871). Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер, т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.етропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзененнің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 204,8 мың адам (2011 жылғы 1 мамырғы жағдайына сәйкес) 
4,5(99 оценок)
Ответ:
Miniplayer
Miniplayer
31.03.2022

Ұлттық тағамдар туралы диалог

- Мадина, сәлем, сенің қазір қолың бос па?

- Ия, Алина, бос уақытым бар.

- Ендеше саған бір бүйімтайым бар еді.

- Тыңдап тұрмын. Айта бер.

- Маған мектепке қазақ халқының ұлттық тағамдары жайлы хабарлама дайымдауым керек. Өзім қазақша сөйлей білгеніммен ұлттық салт - дәстүрден хабарым жоқ. Осы тапсырмаға көмектесе аласың ба?

- Әрине, көмектесейін. Қандай сұрақтарың бар, қоя бер?

- Қазақ халқының ұлттық тағамдары жайлы жалпы түсінік беріп жіберсең?

- Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. «Астан үлкен емессің» деген мақал осының дәлелі секілді. Тіпті үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.

Ұлттық тағамдарға тоқтала кетер болсақ, оларды құрамындағы басты компонентке байланысты бірнеше негізгі топқа бөлуге болады: ет тағамдары, сүт тағамдары, ұннан жасалатын тағамдар, дақылдан жасалатын тағамдар.

- Қандай керемет жауап! Өзің айтқандай, ұлттық тағамдарды бірнеше топқа бөлсек, әрқайсысына толығырақ тоқтала кетсең?

- Жақсы. Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар.

Ұлттық сүт тағамдарына айран, қатық, шалап, қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. жатады.

Ал ұннан әже - апаларымыз ежелден қазағымның символына айналған шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеген. Жұма сайын және әрбір мерекеге орай дастарқаннан бауырсақ пен шелпек үзілмеген.

Халқымыз дәнді дақылдардан да пайдалы тағам әзірлей білген. Соның ішінде: талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе.

- Мадина, саған алғысым шексіз! Маған өте қатты көмегің тиді. Енді өзім де біліп жүретін болам!

- Оқасы жоқ. Көмектесе алғаныма қуаныштымын!

4,6(82 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ