жайлау – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, қазақстанның солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай, сауыр және тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы, іле алатауы және тянь-шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау өңірінде) болды. қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы, жетісу өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – руларының маңғыстау түбегінен мұғалжар тауларына, қызылқұмнан торғай даласына, шу өзенінің төмен алабынан ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. ал қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. қазақстан жеріндегі жайлаулардың ға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады
ертеде бір шал мен кемпір болыпты. кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. оны терезенің алдына суытып қойыпты.
бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
бір кезде оған қоян жолығып:
- бауырсақ, бауырсақ! мен сені жеймін! – дейді.
- қоян, сен мені жеме. мен саған өлең айтып беремін: «менің атым бауырсақ, бауырсақ! қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме. ұстатпаймын қоян саған да! ».
содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. оған қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.
бауырсақ өзінің әнін қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

бір кезде аю жолығады:
- бауырсақ, бауырсақ! мен сені жеймін! – дейді ол.
- сендей майтабанға мені жеу қайда? ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме, қоян менен қасқырға ұстатпағам ендеше.
- ал сендей ұстатпаймын мүлде де!
сөйтіп домалай жөнеледі. аю тек көзімен шығарып салады.

бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған түлкі жолығады:
- бауырсақ, бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.
- жолмен домалап барамын.
- бауырсақ, бауырсақ, маған өлең айтып берші
- содан бауырсақ: «менің атым бауырсақ, бауырсақ! қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме. ұстатпай кеттім қоян менен қасқырға. ұстатпай кеттім аюға, ұстатпаймын саған мүлде де! » деп өлеңін айтып береді.
түлкі оған:
- әнің өте жақсы екен. бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.
бауырсақ түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. сол кезде түлкі ұстап алады.

- түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді бауырсақ. жүр одан да біздікіне, атам мен әжеме барайық. олар сені тойғызады.
түлкі келіседі. жолшыбай өздерімен бірге қоян, қасқыр мен аюды ертіп алады. олар келсе әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. қоянға орамжапырақ салған, қасқыр мен түлкіге ет салған, аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. ал бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.
Иттер туралы таңғажайып деректер
Иттер 250-ге дейін сөзді және ым-ишараны түсінеді және бесге дейін есептеп, қарапайым математикалық мәселелерді шеше алады. Интеллектуалды түрде олар екі жастағы баланың деңгейінде.
Иттер құшақтағанды ұнатпайды! Олар үшін бұл – басымдықтың белгісі. Сондықтан, итті құшақтай берудің доғарған жөн!
Иттер ультрадыбыстық ысқырықтарды ажыратады. Мұны білген Пол Маккартни шотландиялық овчаркасына арнап «День жизни» әнінің соңына осы дыбысты жазған.
Ежелгі Қытайда императордың соңғы қорғау желісі пекинес тұқымды кішкентай ит болған. Ол киімнің жеңінде жасырынып, қауіп төнген жағдайда секіріп шығып, қожайынының дұшпанына шабуыл жасаған.
Кембридждің колледжінде оқып жүрген Лорд Байрон итін оқу орнына кіргізбей қойғанда, оның орнына қонжық әкелген.
Иістің қайдан шығып тұрғанын анықтау үшін иттің мұрны дымқыл болуы керек.
Чипі бар қарғыбау алғаш рет ежелгі Грецияда ойлап табылды. Оны иттердің мойнын қасқырдың шабуылынан қорғау үшін қолданған.
Егер итіңізден чипсының иісі шықса, ол чипсы ұрлап жеді деген сөз емес. Ғылымда «Frito Feet» деген феномен бар. Иттің аяқ-қолында бактериялар көп жиналып қалса, одан жүгерінің дәмі бар чипсының иісі шығады. Оған себеп – серуендеп келгеннен кейін гигиеналық ережелердің сақталмауында.
Banks атты боксшы ит пен Buttons деп аталатын қаз бүкіл жұрт сүйсінген айырылмас достар. Ит апатқа түсіп, соқыр болып қалғаннан кейін қаз екеуі достасып кетеді. Қаз оған аяғынан тұруға көмектесіп, соқыр досын жетектеп жүрді. Buttons досын мойнымен итеріп, қаңғылдап бағыт береді және ешқашан оны жалғыз қалдырмайды.
Шын мәнінде, иттер ішеді. Тілін қасық тәрізді қайырып, жоғарыға емес, төменге қайырып ішеді.
Күшікте 28 тіс, ал ересек иттерде – 42 тіс болады.
Үлкен иттің жүрегі дәл адамдікі секілді. Сондай-ақ, тыныш жағдайда иттің жүрегі минутына 60-тан 100-ге дейін соғады, ал кішкентай иттердікі 100-140-қа дейін жетеді.
Иті бар адамдардың 72% -ы жануарлары дауылды алдын-ала болжай алады деп есептейді. Тамаша есту қабілетінің арқасында иттер ауа-райын болжай алады. Олардың есту қабілеті адамдарға қарағанда 10 есе артық дамыған.
Итте үш жұп қабақ болады. Үстіңгі, төменгі және көзді майлап, қорғайтын мембраналық қабақ.
Иттерде 1700 дәмдік рецептор болады. Салыстырып қарайтын болсақ, адамда 9 000 дәмдік рецептор бар.
Иттер иісті адамдарға қарағанда 10,000 – 100,000 есе артық сезеді.
Тәттілер туралы айтатын болсақ, шоколад иттер үшін қауіпті. Онда орталық жүйке жүйесі мен иттің жүрек бұлшықетіне әсер ететін теобромин бар. Адамда бұл зат энзимдерді бұзады.
Естеріңізде болсын, иттің ойынша сіз топтың көшбасшысыз.
Иттер инстинктивті түрде кез-келген іс-әрекеттің алдында көшбасшының мақұлдауын күтіп, талап етеді.
Иттер адамдар сияқты жылдам тамақтанғанда немесе ішкенде ықылықтайды.
А секілді, чихуаулар да жұмсақ жермен, еңбекпен дүниеге келеді. Яғни, оның бас сүйегінің үстіңгі бөлігі сәбилердікі секілді жасына қарай қатаяды.
Олар судан үнемі құрғақ шығады. Соның ішінде ньюфаундленді иттер суға түссе де су болмайды. Сондай-ақ, жарғақты аяғының арқасында суда керемет жүзеді.
Ең жылдам ит Стар Тайтл деп аталатын грейхаунд. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 67,32 шақырымды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіш 1994 жылдан бері жаңғырмады.
Өкінішке орай семіздік иттердің денсаулығының басты мәселесі болып табылады.
Дүние жүзінде тек иттің 703 түрі ғана асыл тұқымды.
Иттер белгілі бір нысанды алдымен оның қозғалысы арқылы, содан кейін жарықтығына және пішініне қарап жорамалдайды.
Рин Тин Тин деп аталатын ит «голливуд жұлдызы» атанған алғашқы ит болды. Сондай-ақ, ол барлық атақты адамдар сияқты өзі түскен 22 фильмнің келісіміне табанын басып қол қойған.
Иттің мұрны неғұрлым ұзын болса, оның ішкі суыту жүйесі соғұрлым жақсы жұмыс істейді.
1988 жылы АҚШ-тың кедендік бақылауында Рокки мен Барко есімді иттер қызмет еткен. Олар Техас пен Мексика арасындағы шекараны бақылауда соншалықты жақсы жұмыс істеді, сондай-ақ Мексиканың есірткі сатушылары олардың басы үшін 30 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындаған.
Иттердің 45%-ы қожайындарының төсегінде ұйықтайды.
Объяснение:
міне итер туралы таңғажайып 30 мәліметтер!