Объяснение:
Сәлем, қалайсың
Сәлем, жақсы өзің
Жақсы. Білесіңба біз бүгін сабақта қызыл кітап жайлы өттік.
Қызыл кітап? Ол не?
Қызыл кітап жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар енетін кітап.
Ол неге қызыл?
Себебі қызыл тоқта дегенді білдіреді.
Қызыл кітап не үшін керек?
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарларды атуға, аулауға, жұлуға тыйым салынған.қызыл кітап арқылы жойылып бара жатқан өсімдіктермен жануарлар қайтадан көбейеді. Олар қорықтарда адамдардың қарауында болады.
Егер қызыл кітаптағы жануарларды атса немесе өсімдіктерді жұлса не болады?
Ол заңға сәйкес емес. Сондықтан қамауға алынады немесе айыппұл төлейді.
Түсінікті, жауабыңа рахмет!
Оқасы жоқ, басқаларға көмектесу менің міндетім.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.
Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.
Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.