Нұр-Сұлтанның көрікті жерлері:
1)Есілдің жағасы. Мұнда барлығы – жастар, зейнеткерлер, бір-біріне ғашық жандар, спортшылар, музыканттар, балықшылар, туристер келеді. Жағалауда көз тартатын көріністерді тамашалап, суретке түсіп, Есілде шағын кемемен жүзуге болады.
2)«Бәйтерек» монументі Астананың жергілікті тұрғындарының өзі ешқашан көрмеген немесе оған өзге қалалардан келген туыстарын қыдырту үшін өмірлерінде «бір-ақ рет барған» деген пікір қалыптасқан. «Бәйтерек» монументі – мегаполистің ең басты көрнекті орындарының бірі. 1997 жылы ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшірудің символы ретінде елбасының бастамасымен салынған.
3)«Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатыр ретінде белгілі. Бұл жерде көптеген бутик, мейрамхана, дәмхана, кинотеатр, балалар алаңы, тіпті жағажайға дейін бар.
4)Халық арасында «пирамида» аталып кеткен Бейбітшілік және Келісім сарайы Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайын өткізу үшін арнайы салынған.
5)«Думан» сауық орталығының океанариумы мұхиттан 3000 шақырымда орналасқан.
Және де тағы да басқа көптеген көрікті жерлер бар.
«Қысқы ойын».
Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қалың қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп, зулатып сырғанақ тебеді. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды.
Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, құмарлары қанғанша армансыз ойнап, біраз тынығады. Ендігі кезекте Аяз атаны тосып, шыршаны әсемдейді.
«Мен - қазақпын!»
Жер бетінде қанша ұлт болса да, дәл қазақ болып дүниеге келгенім үшін жаратқанға сансыз шүкіршілік етемін. Бұл сөздеріммен өзге ұлт өкілдерін кемсіткім келмейді. Бар болғаны текті елдің текті ұрпағы болғаным үшін сансыз шүкіршілік етемін. Қыз болсам да, батыр-бағландардың ұрпағымын. Киелі де қасиетті Райымбек бабамның найзасының ұшы тиген ауылда дүниеге келгенмін. Құнарлы топырақтың қасиетінен айналуға әлі күнге дейін бармын. Себебі, а тектілік пен жүректегі мейірім, ақыл мен сана, ең алдымен, осы топырақ арқылы келеді.
Ең бастысы, 62 тамырымның бойымен осы батыр бабаларымның қаны ағып жатыр. Санам жаһандану салдарынан мәңгүрттеніп кетсе де, жүректегі махаббатыммен, тамырымдағы күш-қайратты ешкім менен алып қоя алмайды. Иә, өресі биік елдің алғашқы адымдары да нық болмақ. Небәрі 25 жыл ішінде адам айтса нанғысыз жетістіктерге жетіп, көптеген мемлекеттік көзайымына айналып, өзімізді өзгелерге тыңдата алып отырғанымыз көпке аян. Жыл сайын елдің ішкі жағдайы жақсарып қана қоймай, өзге мемлекеттерді татуластыру үшін де қадамдар жасап отырмыз. Осының өзі бір қазақтың ұлының арқасы емес пе? Ал әлем ғалымдарын таңқалдырған тазалығымыз ше? Жүрек иілгенмен, алдымен, жөн сұрасып, қос ғашықтың елдерін білуге ұмтылатыны тағы бар. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының өзінде тәлім-тәрбие жетерлік. Қай жағынан алып қарасам да, қазақ болып туғаным үшін қуанамын. Болашақта тек қазақтың ұлымен көңіл жарастырып, халқымның қатарын саналы ұрпақпен толықтырсам екен деймін.