Халқымыздың ұлттық ойындары ішінде қимыл - қозғалысты ширататындарымен қатар, ақыл - ойды жетілдіретіндері де жетерлік. Қай спорт түрі болмасын денсаулыққа пайдалы екені баршамызға мәлім, ал зияткерлік спорт жастарымыздың білімді, алғыр болып қалыптасуына өз септігін тигізеді. Зияткерлік спорт түрлеріне түрлі IQ додалар, сұрақ - жауап ойындары, шахмат ойыны, қазақтың ұлттық тоғызқұмалақ ойыны, дойбы ойыны секілді ойындарды жақызуға болады. Соңғы уақытта зияткерлік спорт түрін дамытып, жетілдіруге үлкен мән беріліп отыр. Соның дәлелі ретінде елімізде зияткерлік спорт түрлерінен өткізілетін дәстүрлі Еуразия кубогын жатқызуға болады. Аталған турнирдің басты мақсаты - қазақстандық жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және еліміздегі интеллектуалдық қозғалысқа қоғам назарын аудару. Бұл турнир - еліміздің аумағындағы ең үлкен зияткерлік сайыс, оған 40 - тан аса мемлекет командалары қатысып, бақ сынасады. Сонымен қатар еліміздің аумағында зияткерлік спорттың дамыту мақсатында түрлі іс - шаралар ұйымдастырылады. Түрлі әлемдік зияткерлік додаларда еліміздің атын шығарып жүрген спортшыларымыздың ішінде он төрт жасында гроссмейстер атанған Жансая Әбдімәлік, тоғызқұмалақ ойыны бойынша Гүлжанат Алдабергенова, Азамат Хайдар, Гүлнәр Нұрлыбаевалар, дойбыдан Рүстем Омаровты атап өтуге болады.
Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер жәнетұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. *Бастауыш* кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.
*Баяндауыш* - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.
На казахском "Тұрлаулы мүшелер "- на русском "Главные члены предложения "
Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Ағаш жапырақтарынан айрылған, аянышты күйге түскен. Одан самал желдің әсерімен ғажап музыка ойнап тұрғандай дыбыс шығады. Дала – тынық, тып-тыныш. Кешке таман жел күшейіп, боран басталды. Суретші аяз терезеге әсем суретін салды. Осының бәрі көзге ыстық көрінеді.
Қай спорт түрі болмасын денсаулыққа пайдалы екені баршамызға мәлім, ал зияткерлік спорт жастарымыздың білімді, алғыр болып қалыптасуына өз септігін тигізеді.
Зияткерлік спорт түрлеріне түрлі IQ додалар, сұрақ - жауап ойындары, шахмат ойыны, қазақтың ұлттық тоғызқұмалақ ойыны, дойбы ойыны секілді ойындарды жақызуға болады. Соңғы уақытта зияткерлік спорт түрін дамытып, жетілдіруге үлкен мән беріліп отыр. Соның дәлелі ретінде елімізде зияткерлік спорт түрлерінен өткізілетін дәстүрлі Еуразия кубогын жатқызуға болады. Аталған турнирдің басты мақсаты - қазақстандық жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және еліміздегі интеллектуалдық қозғалысқа қоғам назарын аудару. Бұл турнир - еліміздің аумағындағы ең үлкен зияткерлік сайыс, оған 40 - тан аса мемлекет командалары қатысып, бақ сынасады.
Сонымен қатар еліміздің аумағында зияткерлік спорттың дамыту мақсатында түрлі іс - шаралар ұйымдастырылады.
Түрлі әлемдік зияткерлік додаларда еліміздің атын шығарып жүрген спортшыларымыздың ішінде он төрт жасында гроссмейстер атанған Жансая Әбдімәлік, тоғызқұмалақ ойыны бойынша Гүлжанат Алдабергенова, Азамат Хайдар, Гүлнәр Нұрлыбаевалар, дойбыдан Рүстем Омаровты атап өтуге болады.