1-тапсырма.«Спорт тілшісі» әдісі арқылы берілген тапсырмаларды орындау. 1-деңгей. С.Қонақбаевтің қарсыласынан соққы алған сәттегі күйінетістіктің өздік және ырықсыз етістерін қатыстыра отырып, сипатта; 2-деңгей. С.Қонақбаевтің қарсыласынан соққы алған сәттегі күйін етістіктің өзгелік және ортақ етістерін қатыстыра отырып суретте; 3-деңгей.С.Қонақбаевтің қарсыласынан соққы алған сәттегі күйін салт және сабақты етістіктерді қатыстыра отырып баянда; («Арқадағы стикер» тәсілі арқылы тілші рөліндегі оқушы анықталады, сол оқушы әр топ тапсырмасын тілші ретінде сұрайды). Дескриптор: - мәтіннен негізгі ақпаратты таңдайды - мәтін үзіндісін талқылайды -әр топ өздеріне берілген тапсырманы топпен орындайды; - тілші әр топқа барып, сұқбат жүргізеді.
Менің атым Толғанай. Мен екінші сыныпта оқимын. Мен өзімнің оқу құралдарымды таза ұстаймын. Әр оқушы өзінің оқу құралдарын таза ұстауға міндетті. Кітапты жыртпай ұқыпты ұстауымыз керек. Себебі кітаптың біз үшін берері көп. Біз сол кітаптан оқуды, жазуды үйреніп білімді боламыз. Сондықтан мен күнделікті сабағыма дайындалып жүремін. Сыныптағы озат оқушылардың бірімін. Менің әжем күнде сабақтан бестік баға алуымды тілейді. Мен әжемнің сөзін тыңдап, тілегін орындап күнде бестік баға алып келемін.