Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн. Сонымен, назарларыңызға белгілі суретші Илья Афанасьевтің түсірген таңғажайып туындыларын ұсынамыз.
1. "Алтын Емел" ұлттық паркі. Алматы облысы
"Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шығады және "Алтын ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.