= Online Mektep - Bilimland
Ообразовательная o ХАБИБ - rоа му Лента новостей
Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш чемпиондары
Мәтіннен шылауларды боя.[/pleaf
1996 жылы ең басты бәсекенің бірі Атланта (АҚШ) жазғы олимпиадасы еді. Бұл сайысқа қазақ елі
де жеке тәуелсіз мемлекет ретінде қатысты. Додаға 96 спортшысын үкілеп қосты. Қазақтың туын
тұңғыш рет алып шыққан Ермахан Ыбрайымов та ел сенімін ақтап, қола жүлдегер атанды.
Боксшы Василий Жиров пен грек-рим күресінің шебері Юрий Мельниченко және бессайысшы
Александр Парыгин Олимпиада чемпионы атанды. 11 медаль еншілеген қазақстандықтар 197
мемлекеттің ішінен жалпыкомандалық есепте 24-орыннан көрінді. Бұл жас, тәуелсіз мемлекет үшін
жақсы жетістік еді.
w
Шылаулар
1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2. Өз елім, өлең төсегім.
3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.