Қ.Қайсеновтің "Жау тылындағы бала" повесі Тапсырма
Повесті оқы.
Сұрақтарға жауап жаз.
1. Шығармадағы оқиға қай кезеңді суреттейді?
2. Қазақ баласы Серіктің тағдыры қандай күйге ұшырады?
3. Серіктің орыс әйелін "мама" деу себебі неде?
4. Туынды неліктен "Жау тылындағы бала" деп аталады?
5. Неліктен Серік Анна Ивановнаның қамқорлығында қалды?
Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы.