Дам үшін құстардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсынын береді. Кең байтақ даламызда ұшып жүрген біраз құстар егістік, бау-бақша, орман зиянкестері – насекомдармен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді. Аң мен құстарға қарап ауа-райын да болжайды. Мысалы, қарлығаш аспанда самғап ұшса – ауа райының ашық, ал төмендеп ұшса – жауын болатыны халық арасында кең тараған. Шағала – теңізшілердің сенімді достарының бірі. Себебі, теңізшілердің ашық теңізге шығарда, шағалалардың мінез-құлқына қарап отырып, ауа-райының өзгерістерін алдын-ала болжаулары дәл келіп отырған. Құстардың эстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Бұлбұл үні, торғайдың әні талай сазгерлердің шығармаларына арқау болып келеді. Тіпті құстар туралы туған әндер қаншама?! «Ақ сұңқар», «Алтын қаз», «Қара торғай», «Қарлығаш», «Аққу», «Тоты», «Бұлбұл», «Бозторғай», «Гәкку» сияқты әндер мен күйлер құстарды сүюден, оларға деген сүйіспеншіліктен, қамқорлықтан туған туындылар.Құсқа деген халықтың көзқарасы, оларды жақсы көрушілікті біз қазір де күн сайын көріп келеміз. Олардың сүйкімділігін жақсы көріп көп адамдар перзенттерінің есімін де солардың атымен атаған. Ел ішінен Құралай, Бұлбұл, Қарлығаш, Тоты, Қырғи, Тұрымтай, Алғи, Бүркіт, Қаршыға деген аттарды жиі естиміз.
Баянауыл – «Баян» деген сөз – әйгілі, айтулы, мәлім, даңқты, белгілі, тұрақты ұғымын; «аула» деген сөз – орын, аймақ, айнала, мекен-жай, маң, т.б. жер атауларын білдіреді. Климаты тым континенттік (жазы – ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор. Жасыбай – Баянауыл ауданындағы табиғаты көркем, тұйық көл. Жағалауында демалыс үйлері, «Баянтау» туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Көл суы тері ауруларына ем. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабы жоңғар шапқыншылығы кезінде Жасыбай батыр басқарған қазақ жасақтарының жау бетін қайтарған тарихи жерлердің бірі болған. Көл Жасыбай батыр есімімен аталған. Батырдың Жасыбай жағалауында зираты бар. Сабындыкөл – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» аңызында айтылғандай, ару Баян бірде шомылып жүріп, қолындағы сабынын көлге түсіріп алыпты. Осылай көлдің суы жұмсақ, кір ашатын қасиетке ие болыпты. Содан Сабындыкөл аталыпты. Торайғыр – Торайғыр ауылының жиегінде орналасқан әсем көл. Көл жағасында жасыл ағаштар, тау бөктерлері мен таудан аққан бұлақ бар. Суы мұздай салқын, мөп-мөлдір, ішкенде шөлінді қандыратын қасиеті бар.
Бізде кітап жоқ сурет барма
Объяснение: