М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
jjjonh9746
jjjonh9746
19.11.2020 09:51 •  Қазақ тiлi

перевести Төрт түлік малдың ең қасиеттісі түйе болып табылады. Қазақ халқы түйені дала кемесі деген. Ол шөлге шыдамды, жүк артса - көлік, жесе - ет, ал жүні - киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен жүн шапандар киген, ол жеңіл, жұмсақ әрі қыста жылы болған. Тағы түйенің жүнінен тек жамылғы көрпелер жасаған, аяқ асты тастауға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Түйенің шудасы қайнатып, емге пайдаланған, ал терісінен ер қаптаған. Ал сүтін болса емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған.

Сиыр малың қазақтар көбінесе тамаққа жараған сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Сиыр да үйдің берекесі, айран - сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй ас - ауқаты жұтаң болып есептелген. Ертеде сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Тіпті сиырдың тезегін отын ретінде, егіншілікке пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.
Қой төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, тез ет алып қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды. Қой мен ешкінің иленген терісі түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады.

Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды. Ешкі өте өсімтал мал. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асыраған. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шы «ешкі құсап селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен түбіт орамалдар тоқиды. Ол жылы әрі жұмсақ болады.

Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал оны салт мінуге, күш көлік ретінде пайдаланады. Сайын далада ұшқан құспен жарысып, халық үшін атқа мініп жауға шапқан батырларымызда аз емес. Қымызды емге пайдаланған, бойыңды қыздырып қысты күні жылы әрі жұғымды болады. Жылқының жалынынан, құйрығынан арқан жіп есілді, етінен қазы - қарта, жал - жая жасайды

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Айсара777
Айсара777
19.11.2020
Егістік жерінді күз айда, жазға қалса, жүз айда.
(Поле осенью паши, если осенью не вспашешь, весной сто раз пахать придется. )

Егіндікті күз суар, күз суарсаң, жүз суар.
(Пашню осенью по сто раз поливай. )

Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім.
(Сиротливо смотрится пашня, на которой не сеют, сиротою выглядит джигит без родины. )

Жеріне қарай егін ек, жолына қарай жегін жек.
(Про посевы знает тот, кто их засевает, про телегу знает тот, кто ее запрягает. )

Жастанғаның жапырақ, төсенгенің топырақ.
(Под голову листья стелятся, под тело земля ложится.)
4,6(90 оценок)
Ответ:
281120057
281120057
19.11.2020
Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған сүт, т.б.), ашытылған сүт (айран, қатық, құрт, қымыз,сүзбе, шұбат, т.б.) дайындау ісі ертеден белгілі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда “ФудМастер”, “Адал”, “Смак”, “Қайсар”, “Агропродукт”, қымыз және шұбат өнімдерін шығаратын “Саяқ”, т.б. шетелдік және отандық компаниялар сүт өнімдерімен қатар сүтке әр түрлі биоқоспалар қосып, тәтті “БИО-С”, “Пеппи”, т.б. өнімдерді шығарады.

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.
4,7(84 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ