астауға, сату мен сатып алуға болатын.
2.3. Мәтінге ат қойыңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ дайындаңыз.
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1-тапсырма
1.1 Мәтінді оқы.
Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтар
ХХI ғасыр өмірге түрлі жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. А естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда. Ол негізінен ақпараттық технологиялардың тез дамуына, қызмет көрсету саласының түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ дамып жатқан компаниялар бүгінде осындай мамандар іздеп жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;
логистик - жүк тасымалын қадағалайтын маман;
промоутер - компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкіл;
супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;
веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;
копирайтер - сайт үшін контент құрушы;
коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;
интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;
девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;
сомелье - мейрамханада сусындардың таратылуына жауапты кәсіби маман;
джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;
рецепшеонист – тұтынушыларды қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын маман.
Тізімдегі мамандықтарға анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық,
девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін.
Бірақ бұл мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келе жатыр. Дегенмен бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы, Javascript-программист мамандығы бұған дейін веб-программист деп аталатын. Бұрынғы бастықтар - менеджер болып шыға келді . Еден жуушылар - хаус-кипер ге айналды. Соған қарамастан жаңа мамандықтардың басым бөлігі - IT саласының дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер.
ті.
Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
Байқоңыр ғарыш айлағы.
Байқоңыр ғарыш айлағы еліміздің Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Байқоңыр - әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады.
Байқоңырдың іргесі 1955 жылы қаланып, 1957 жылдың 4 қазанда тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылған болатын. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарған. Ал, 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Бұдан кейін де Байқоңыр ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, түрлі орбиталық станциялар, жұмыстар жүргізуге арналған, байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған түрлі зымырандар ұшырылды. 50 жылдан астам уақыт ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты
Байқоңырды салар кезде бұл жерді таңдаған себептердің ішінде экватор жазықтығына жақындық, өзге елді – мекендерден қашықтығы, ракета ұшырудың қауірсіздігі секілді себептер негіз болды.
1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала.
ХХI ғасыр өмірге түрлі жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. А естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда. Ол негізінен ақпараттық технологиялардың тез дамуына, қызмет көрсету саласының түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ дамып жатқан компаниялар бүгінде осындай мамандар іздеп жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;
логистик - жүк тасымалын қадағалайтын маман;
промоутер - компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкіл;
супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;
веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;
копирайтер - сайт үшін контент құрушы.