ерте кезеңнен ақ ата- , ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оларды үлкенге тағзым, кішіге ілтипат етіп, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке баулыған. «тәрбие – тал бесіктен басталады», «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты сөзді жадына әбден тоқыған. сондықтан да ң бауырмал, қайырымды азамат боп ержетуі, алдымен, ата-ананың тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты. ң алған тәрбиесіне қарай «тәрбиелі, өнегелі» екен деп тамсанса, оғаш қылық көрсеткен «тәрбиесіз, өнегесіз» деп сөгетін болған. қазақта ең ауыр сөз – «тәрбиесіз», «тәрбие көрмеген» деген сөз. әрине, қай қазақ жаман болсын десін, демейді де, сондықтан да бетімді жерге қаратпа деп өсиет тәрбиесін айтып отыратыны белгілі.
Көктем.
Ызғарлы әрі қатал қыстан кейін жайма-шуақ көктем де келіп жеткен еді.Көкжар ауылының табиғаты одан әрі әрлене түскен.Ауыл шетіндегі асау өзен толассып айналасын нәрге бөлеуде.Ал айдын көлге жылы жақтан қайтып келген құстар,аққу,тырна,қаздар,қиқулап асыр салып ұшып жүр.Ауылдан біршама қашықтықта жатқан асқар тау бейне бір шамалы жүрсең жетіп қалатын секілді көрінеді.Қаладан ата-әжесінің ауылына демалысқа келген Арман бұл сұлулыққа тамсанып жүрген еді.Қолында ақ парағы мен түрлі түсті қарындаштары да бар.Сурет салып,бұл әдемі табиғатты,көктемнің алғашқы күндерін есіне сақтап қалғысы келгені ғой.Біраз уақыттан соң , суретін тәмамдап ата-әжесіне көрсетіп олардың мақтау сөздерін естіп марқайып та қалған еді.Кейін суретін сөмкесіне салып атасына жас ағаштарды суғаруға көмектеспек болып далаға жүгіріп шықты.Не дегенменде,көктем Арманның ең сүйікті жыл мезгілі ғой.
Объяснение:
Соғыс жайлы кинолар көргенді, кітап оқығанды ұнатамын. Әкем маған атам туралы қызықты әңгімелерді көп айтады. Сондықтан да мен майдангер, соғыс, бейбітшілік деген сөздерге ерекше мән беремін.
«Сенің атаң, менің әкем Ұлы Отан соғысына басынан бастап соңына дейін қатысқан жауынгер болған. Қатардағы солдат болып барып, офицер болып оралған. Әскери авиация құрамында қызмет атқарған. Ал соғысқа дейін Голощекин дәуірінің бейнетін тартып, ашаршылық салдарынан әке-шешесінен ерте айырылған. Балалар үйінде тәрбиеленген. Осындай қиындықтың бәрін жеңе біліп, Отанымызды фашистерден қорғауға өзі сұранып барған. Елге оралған соң Қорғалжын ауданында ауылшаруашылық маманы, кейіннен ішкі істер органдарында жемісті еңбек еткен. Зейнет жасына жеткен соң Астана қаласына қоныс аударды. Қалалық Ардагерлер ұйымына қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын. Сондықтан да сен майдангердің ұрпағы екеніңді ешқашан есіңнен шығарма. Отанды қорғауды қасиетті парызым деп ұқ, ұлым…» деп айтып жүретін әкемнің сөзі мен үшін өмірдің нақылындай болды. Орден-медальдары жарқыраған атамның суреттеріне қараған сайын бойыма бір күш қосылғандай болады.
Менің әкем Жақсыкелді де әскери борышын өтеген. 1985-87 жылдары Биробиджан қаласында әскери қызметін атқарған. Әскерден кейін Целиноград қаласындағы С.Сейфуллин атындағы педагогика институтында оқыды. Мұғалім болып еңбек жолын бастаған. Қазір электр коммуникациясы саласында жеке кәсіпкер болып жұмыс істейді. Әкемнің достарының арасында әскери қызметкерлер мен Ауғанстан соғысына қатысқан ағайлар да бар. Олардың әңгімелерін естіген сайын тезірек ержетіп, әскерге барсам деп ойлап қоямын.
Біз үйде төрт баламыз. Өзімнен үлкен екі әпкем – мектептегі үздік оқушылар. Менен кейінгі інім балабақшаға барады. Аяулы анамыз бізге «өмірде әділ болыңдар, өтірік сөйлемеңдер, жақсы оқыңдар, үлкен адамдарды сыйлаңдар» деп үнемі ақылын айтып жүреді.
Менің өмірдегі мақсатым – Отанды қорғай білетін азамат болып өсу. Мектепті бітірген соң жоғары оқуға түссем де, әскери борышымды өтеуге міндетті түрде барамын. Өйткені мен Отан үшін отқа түскен майдангердің немересімін. Ал майдангер аталар мен әскери қызметкерлер туған жердің де, халықтың да қорғаушысы болды. Сондықтан да Отанды қорғау әрбір ер-азаматтың қасиетті борышы болып саналады.