10-тапсырма. Автордың сөз қолдану стиліне сүйене отырып, берілген үзіндіні өз ойыңмен жалғастыр.
Ауыздықтарынан ақ көбік бұрқырап, қатар жегілген үш
ат пәуескені ұшырып әкетердей ағып келеді. Салт жүрген-
нен анағұрлым тез! Салт атты жолдастары ере алмай қалды.
Жүрістің мұндайы да болады екен-ау!.. Біресе аяңдап, біресе
желіп, біресе шауып кету емес, бірқалыпты ұтымды жүріс.
Салт жүргенде бір-ақ аттың басы мен мойнын көріп
көңілің көтеріңкі отырса, қатар ағып келе жатқан үш аттың
дене сұлулығын, қимыл-қозғалыс əсемдігін түгел көргенде
сол көңілің тасып төгілердей болады екен! Әуелі жолды, одан
соң үш ат жеккен пәуескені Ұлпан көңіліне бірге түйіп алды.
Тоқтай түр әлі...