М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
shtylev2018
shtylev2018
03.12.2021 20:59 •  Қазақ тiлi

Төрт түліктің пайдасы Түйе - төрт түлік малдың ең қасиеттісі. Қазақ халқы түйені «дала кемесі» деген. Ол
шөлге шыдамды, көшкенде көлік, жесе - ет, жүні - киім. Түйенің жүнінен бас киім,
шапан не тек жамылғы көрпелер жасаған, аяққа басуға болмайды деп төсеніштер
жасамаған. Түйенің шудасын, сүтін емге пайдаланған. Сүтi қою, құнарлы. Сүтінен шұбат,
құрт, балқаймақ, т. б. жасаған.
Сиыр үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі
мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй кедей үй деп есептелген. Ертеде сиырдың терісінен
ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Сиырдың тезегін
отын ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.
Қой - төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі. «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы
оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, сүті майлы әрі жұғымды, қонақ асы. Қой
мен ешкінің иленген терісін түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың
жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады.
Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды. Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің
еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен
асыраған. Ешкінің серкесінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті
бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шы «ешкі құсап
селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен жылы әрі жұмсақ түбіт
орамалдар тоқиды.
Жылқы - қазақтың қасиетті малдарының бірі. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі
өте төзімді мал, оны көлік ретінде пайдаланады. Қымызы ем, еті мен сорпасы қысты күні
тондырмайды. Жылқының жалынан, құйрығынан арқан жіп есіледі, етінен қазы-қарта,
жал-жая жасайды.
1-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңдар.
Найдите в тексте прилагательные и запишите.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
sarah205681
sarah205681
03.12.2021

Объяснение:

Сағаттың -өзі ұры.Əр бір тірі жан белгілі бір уақытқа дейін өмір сүреді.Абай атамыз осы өмірдегі уақыт жайлы жазып кеткен болатын.

Уақыт-ол өміріміздің асыл байлығы деп айтсақта болады.Ол біздің өміріміздің жартысы.Оны тоқтату мүмкін емес.Сол сияқты а ң да өмір сүру уақыты белгілі бір мерзімге дейін болып келеді.Сол уақытымызды үнемді ж/е бостан бос кетірмеуіміз керек.Оның əр сағаты мен уақыты қымбат.Сондықтан біз қазірден бастап ойлануымыз керек.Өз өмірімізде бізге керек емес заттарға уақытымызды кетірмей ,өзімізге пайдалы істермен шұғылдануымыз керек.Уақыттың байлығын түсіне білейік.

4,4(10 оценок)
Ответ:
annuwka1
annuwka1
03.12.2021

Парасатты болу – менің парызым.

Осынау өмірге анамыздың құрсағында тоғыз ай жатып барып қана келдік. Жарық әлемді, дүниені көрдік. Бірден бәрін біле тумағанымыз рас. Бойымыз ғана емес, ойымыз жыл артынан жыл өмір жатты. Бізге берілген тәрбие, біздің ортамыз, көргеніміз бен естігеніміз мына "мен" деген тұлғаны құрады. Ал осы қамшының сабындай ғана қысқа өмірге біз не үшін келдік?

Әр нәрсеге мақсат керек. Тамақ пісіреміз – қарнымыз ашпас үшін. Кітап оқимыз – іздегенімізді табу үшін. Ұйықтаймыз – демалу үшін. Ал өмірдегі мақсат ше? Сіздікін қайдам, менікі бұлыңғыр. Мақсатқа деген баспалдақтар бар, бірақ қай есіктен бір шығарары белгісіз. Мақсат деген оқуға түсу, университетті жақсы оқып шығу, жұмыс табу, үй алу, отбасы құру емес екенін түсіндім. Ол – үлкен дүние. Мақсат неғұрлым үлкен болып, оған қол жеткізсеңіз, соғұрлым өзіңізді, өмірді жеңгеніңіз. Ал сол мақсатқа мен парасатты болу арқылы ғана жетемін. Сондықтан да басты парызым – зерделі де саналы болуым. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өзі:

" Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында" деп айтып өткен екен. Расында да, әр мәселені орынды шешіп, әр қадамымызды ақылға салып, қоғамнан ала бергеннен гөрі, беруді әдетке айналдырсақ – нұр үстіне нұр. "Өмір" бағындағы "гүлдердің" ішінен "жағымды иісімізбен", артта қалдыратын еңбегімізбен ерекшеленейікші.

4,4(57 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ