2 - тапсырма . 87 бет Берілген сөз тіркестерін пайдаланып , ұжымдық қарым қатынасқа қатысушы тұлғаның ( сыныптасың , досың , ересек адам , көркем әдебиет немесе фильм кейіпкері және т.б. ) адамгершілік портретін суреттеп жазыңдар : жаныңа бір жылылық сәулесін себетін , мерейіңді тасытып , абыройыңды арттыратын , адамдарға нұр сыйлайтын , көңілге қымбат сыр сыйлайтын , ашық - жарқын пейіл , адамдық ықылас , ізгілікті ізет , адамдық қасиет , мейірім шашқан шапағатты бейне , ізгілік пен парасат » .
Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.