Түйме қыз ертегісі маған қатты ұнады себебі:түймедей қыз табиғатты аялап
құрметтейді. Оны көрген 2 басқа оны жақсы көріп оны түнде ұрлап әкетеді. Ол өзіне қарлығаш құс дос тапты.
Объяснение:
«Асханада» тақырыбына диалог құрастыру.
Кенжебек: Дене шынықтыру сабағының бірінші болғаны қиын, ия?
Мейіржан: Айтпа, таңертең оятқышымды (будильник) естімей, ұйықтап қалып едім. Сол себептен таңғы асымды да ішуге уақытым болмай, енді біраз жүгіріп, қимылдаған соң қарным ашып барады.
Кенжебек: Жүр, онда асханаға барып жүрек жалғап алайық.
Мейіржан: Бармасақ, болмас ...
Кенжебек: Ал мен бүгін керісінше ерте оянып, анамның дайындаған таңғы асын ішіп, үйден тойып шыққанмын. Дегенмен, саған серік болып, тәтті тоқашпен шай ішіп алайын. Ал сен не аласың?
Мейіржан: Қарным ашқаны соншалық, асханадағы тамақтарды көріп, көзімнің тоймай тұрғаны... Бірақ, нан қосып, ботқа (каша) жегенім жөн болар.
Кенжебек: Апай, бізге екі шай, бір тілім нан, тәтті тоқаш және сұлы ботқасын беріңізші.
Асханадағы апай: мінекей, балалар, ас болсын! Барлығы 500 теңге болды.
Мейіржан: Рахмет, апай!
Бауыржан Момышұлы.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 75 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс ұмытылмастай ізін қалдырды. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.
Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Бауыржан Момышұлы отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсіп, аты аңызға айналды.
Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған өр тұлғалы азамат, қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.
Ертеде бір перзент көрмеген әйел болды. Балам болса деген ой жатса-тұрса көкейінен шықпады. Бірақ жоқ баланы қайдан алады. Күндердің күнінде әлгі әйел өзі сиқыршы, балгер кемпірге келіп:
– Менің жатсам да, тұрсам да ойлайтыным бір перзент болды. Оны қайдан табуға болады, сен соны айтып берші, – деді.
– Несі бар, айтсам айтайын! – дейді сиқыршы кемпір. – Мә, мынау арпаның дәні, бұл жай дән емес. Диқан жерге сеуіп немесе тауығына беретін арпа деме; мұны гүл өсіретін құмыраға отырғыз, сосын не болатынын өзің-ақ көресің! Әйел сиқыршы кемпірге «рақметін» жаудырып, он екі скиллинг берді де, үйіне келіп, арпаның дәнін гүл егетін құмыраға екті. Сол сол-ақ екен, әлгі дәннен қызғалдаққа ұқсас ғажап гүл өсіп шыға келді. Гүлдің жапырақшалары әлі ашыла қоймаған гүл қауызы сияқты жиырылып тұрады.