Ата-бабаларымыз "өмірде екі нәрседе қателеспеу керек" деген тұшымды пікір қалыптастырған. Олардың біреуі-мамандық таңдауда болса, екіншісі - жар таңдауда. Бала кезімізде ата-анамыз бізге қажетті шешімдерді өздері қабылдайтын. Ал қазір біз есейдік. Өмірлік жолымызды,мамандығымызды таңдайтын сәтке де келіп жеттік. Жүздеген мамандықтар ішінен жаныма жақын,өзіме ұнайтын журналистика саласын таңдай отырып, алдыма сан мыңдаған мақсаттар мен самсаған міндеттер қойдым. Өз қалауыммен сүйікті мамандығымды тауып, зор құлшыныспен, шынайы сүйіспеншілікпен армандадым.
Не себепті журналистиканы таңдадым? Бұл таңдауыма не түрткі болды? Осы сынды сұрақтарға жауап іздеп көрдім. Өзім жастайымнан әдебиет пәніне жақын болдым. Шығарма, эссе жазу, өлең шығару, әр түрлі тақырыпта мақала жазу-менің хоббиіме айналды. Қазақтың небір-небір жазушыларының шығармаларынан өзіме қажетті қорек іздеп, нәр алдым. Би-шешендердің ғибратты сөздерімен сусындай отырып, әдебиеттің сырлары мен қырларын өмірімнің басты ұстанымына айналдырдым. Сондықтан болар, мамандық таңдауда көп ойланған жоқпын, бірден журналистика саласына жол тарттым.
Журналистика саласы сонау ықылым заманнан бастап қалыптаса бастады. Ұлт зиялылары негізін қалаған беделді газеттер мен журналдар - сол заманның ащы шындығының көрінісі. Әрісі Мұхамеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,Ғайнижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова және Гүлайым Балғынбаева сынды және де тұңғыш журналист қыз Нәзипа Құлжановадан бастау алатын, берісі Бейсен Құранбек, Дана Нұржігіт, Маңғыстауда журналистиканың пұшпағын илеп жүрген Жамиля Қибасова сияқты журналистерге жалғасып жатыр.
Журналистика жолы-ауыр жол. Журналистика мамандығы-қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан жаңылуға болмайтын, қашанда жаңалықтардың ортасында жүретін бұл кәсіп иелері - журналист деп аталады.
Бабадан қалған асыл сөз: Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлар мен қанатты сөздері. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данашпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой толғаныстары, келер ұрпаққа арнаған өнеге өсиеттері, қанатты сөздері, сондай ақ отан туралы, тіл туралы жыр толғаулары мен өлең, дастандарынан алыңған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған
вот смотри на фото
ответ правильный