М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
aksnastena
aksnastena
07.06.2020 17:30 •  Қазақ тiлi

Эссе эссе Небесный мир по-казахски​

👇
Ответ:
ksenia721
ksenia721
07.06.2020

Аспан әлемі -жұмбақ әлем. Ғарышқа адамдар ұшып барып келіп жатырған ғасырда не қылған жұмбақ дерсіз? Алайда күндіз көгілдір,түнде түпсіз тұңғиық аспанға қарап жатып,аржағында не бар екен деген ойға қалмау мүмкін емес!Мен де солай ойлаймын. Әрине, ғылымның дамыған заманында,көзі ашық,көкірегі ояу адамның аспанда не бар екен деп ойлануы күлкілі де шығар? Ондағы жұлдыздар,аспан денелері, құйрықты жұлдыздар, осы күнге дейін ашылмаған жұлдыздар -бәрі тылсым дүниенің жұмбағы емес пе? Мысалы "Жетіқарақшы", "Үркер", "Таразы" тағы да басқа деген шоқжұлдыздар атауы қалай пайда болды? Бұл да мен үшін қызық. Қазақ халқы жұлдыздарға ,аспанға қарап, ауа райын болжайды. Мысалы, жаңа ай шалқасынан жатып туса,күн суық болады,жұлдыз көп болса,күн ашық болады. "Халық айтса-қалып айтпайды" дегендей, өмірдегі тәжірибесімен-ақ дана халқымыз аспанға ұшпай-ақ, аспан әлемінің сырын білген сияқты. Дегенмен, біз білмейтін жұмбақ көп...

4,5(83 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Overlight1337
Overlight1337
07.06.2020

Қазақстан еліне келдік. Саяхат жасадық. Жерімен, халқымен, тұрмыс салтымен, табиғатымен таныстық. Маған Қазақстан қатты ұнады. Бүкіл елдің өз кемшіліктері болады емес пе?! Бірақ Қазақстан шет елдің туристері үшін саяхатқа келуге таптырмайтын жер. Халқы мейірімді, қонақжай халық екен. Таулары биік, өзен- көліде күшті екен. Салт-дәстүрлерінде жақсы ұстанатын халық екен. 1 күніде Алматыдағы Медеу мұз айдынына бардық, мұзы күшті, агық аспан аясында мұза коньки тебесің. Шымбұлақ демалу орталығына бардық, таулары әдемі екен. 2 күні Астана қаласын бардық. Астана жас қала болса да, өте әдемі, биік, зәулім үйлері,бірнеше сауда орталықтары, ойын алаңдары, парктері, спорт орталықтары бар.3 күні Ақтау қаласына ұшып бардық. Каспий теңізіне түстік. Қаланың жақсы орталықтарына бардық. 4 күні Бурабайға бардық.Бурабай көліне бардық, суы жылы, табиғаты жасыл, таулы жер. Менің ойымша Қазақсат жері саяхаттауға жақсы, ыңғайлы ел.

4,5(67 оценок)
Ответ:
dimaschastny
dimaschastny
07.06.2020

Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.

4,6(98 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ