Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Ақшақар.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.
Нешінші сынып
Қандай кітап
Фото кайда