Қарапайымдылық деген не?
Адам бойында түрлі жағымды және жағымсыз қасиеттер болатыны анық. Осы жағымды қасиеттердің адам бойында кездесетін ең қадірлісі қарапайымдылық деп білемін. Қарапайымдылық дегеніміз – адамның асып – тасуға талпынбауы, яғни менменшілдіктің болмауы. Қарапайым адамда атаққұмарлық мүлдем болмайды, себебі қарапайым кісі өзінің қабілеттері мен қасиеттерін дұрыс бағалай біледі. Қарапайым адам көкірек көтеріп, өзгелерді үстінен қарамайды, керісінше өзге адамдарды сыйлап, барлығымен жақсы қарым – қатынаста болуға тырысады. Қарапайым адам бойынан тәкаппарлық, атаққұмарлық, мақтаншақтық, арсыздық, бетпақтық секілді жағымсыз қасиеттер кездеспейді.
Мен үшін қарапайымдылық адамдықтың белгісі іспеттес. Біздің отбасымызда ата – әжеміз үнемі «қарапайым болыңдар, менмендікке жол бермеңдер! Өзгелерді құрметтей біліңдер!» деп өсиеттерін айтып, біздің жақсы тұлға ретінде қалыптасуымызға өз үлестерін қосып отырады. «Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты» деп Лев Толстой айтып кеткендей, қарапайым адамның жан дүниесі де сұлу болатыны хақ. Сондықтан құрбыларыма айтарым: өз бойымыздағы жағымсыз қасиеттерге жол бермей, керісінше қарапайым әрі кішіпейіл бола білейік!
Мен бақытты отбасында тұрамын!Менің отбасымда сіңлім,інім,апшем,ағам,анам,әкем,атам,апам бар.Мен өзімнің сіңлім,ініме көмектесемін)))Мысалы оның білмеген сабақын көмектесіп,оны серуенге алып шығам.Қарт атам мен апамнан көп нәрсе үйретдім!Апам тоқуды,құрт істеуді үйретті.Атам екеуміз бақша егіп бақшаны жеміске толтырдық.Ағам мен әпшем ол менің білмеген сабақымды оқып,маған көмектесті!Мен осындай отбасында тұрамын)Маған ылғи атам айтады қарт адаммен амдасып,орын бер деп,мен оны тез үйреніп кеттім)Апам болса кішігой менен деп жылатпа,қайтаға оны лйнатып бауырыңа бас дейтін.Мен осылай тәртіпті бала болып өсьім!Мен отбасымды жақсы көремін)