Театр дегеніміз - түрлі қойылымдар мен сахналық өнер мен, ойын - сауық өткізілетін орын.
Театрдың түрлері: қуыршақ театры, опера театры, опера және балет театры, драма театры, музыкалық драма театры т.б.
Астана қаласында қуыршақ театры, М. Горький атындағы драма театры, Астана Балет, Жастар театры, Қ. Қуанышбаев атындағы театр, Астана Опера, "Аттракцион" театры секілді театрлар бар.
Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Мемлекеттік неміс драма театры, Мемлекеттік қуыршақ театры, Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры бар.
Менің қаламда С. Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театры бар.
Ия, мен қаламыздағы театр қойылымдарын өткізбей көріп тұрамын. Сонымен қатар қаламызға гастролдық сапармен келген театр қойылымдарын тамашалағанды ұнатамын.
Маған Шәмші Қалдаяқовтың тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың "Сыған серенадасы" атты поэтикалық драмасы ерекше ұнайды.
Ас, тамақ туралы мақал – мәтелдер.
Өле жегенше, бөле же.
* * * * *
Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.
* * * * *
Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.
* * * * *
Қайнаған қара суда қасиет бар.
* * * * *
Шыбын да балға қонады.
* * * * *
Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды.
* * * * *
Асы жоқ алтын аяқтың,
Алтынын ал да отқа жақ.
* * * * *
Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.
* * * * *
Қарны ашқан қазанға қарар.
* * * * *
Дастарханда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.
* * * * *
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
* * * * *
Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.
Аштың ақылы астан әрі аспайды.
* * * * *
Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.
* * * * *
Сыйласқанның суын іш.
* * * * *
Жарлының бір тойғаны шала байығаны.
* * * * *
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
* * * * *
Тату үйдің тамағы тәтті.
* * * * *
Сыйлап берсе суын іш.
* * * * *
Жоқты бар десең – құт болар,
Барды жоқ десең – жұт болар.
* * * * *
Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.
* * * * *
Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Асың барда – ел таны беріп жүріп.
* * * * *
Дастарханның басында дұшпан да дос.
* * * * *
Таңғы асты тастама.
* * * * *
Ас адамның арқауы.
* * * * *
Ас атасы — нан.
* * * * *
Нан астығын жинаймын,
Елге астық сыйлаймын.
* * * * *
Нан— тамақтың атасы
Ынтымақ — көптің батасы.
* * * * *
Дәнді шашпа, нанды баспа.
* * * * *
Нан бар жерде ән бар.
Фото жіберші
Мен 6 сыныппын Шеше аламын
Фото жібер