Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.
Патша осылардың ішінен Шіркей мен Масаға:
— Жер жүзін аралап, өсімдіктердің дәмін татып, жанды-жансыздың қанын сорып қайтыңдар, тек бұлар ғана емес, қаттыдан тастың, жұмсақтан топырақтың да дәмін алыңдар. Дүниедегі ең тәтті зат бұдан былай менің тамағым болатындай етіңдер, – деп, уақыт кесіп, бүкіл әлемді шарлатып жібереді.
Күн артынан күн өтіп, патшаның кесіп берген мезгілі де жетеді.
Шіркей әлсіздігінен жел болса, шөптің түбіне қашып тығылып, тымықта ыңылдап ән салғансып жүріп, кешігіп қалады. Ал Маса өсімдік пен жандылардың ең тәттісін біліп алып, патшасына қарай әуелей ұшып, әндетіп келе жатқанда, Қарлығаш кез болады.
— Иә, Маса досым, патшамызға ең тәтті тамақ іздеп кетті деп естіп едік, таптың ба?
Маса Қарлығашты менсінбей, сұрағына жауап қатпай, зулай жөнеледі.
— Ә, ә, түсіндім, түсіндім! Жолың болып, іздегеніңді тапқан екенсің, достым... Азаматсың өзің! Сенің ептілігіңді, еш нәрседен тайынбайтын бір беттілігіңді білгемін. Осы қасиетіңді енді барлық қанаттыларға айта жүретін боламыз, – деп, Қарлығаш Масадан сыр тарта, мадақтай сөйлейді.
Бұл мақтауға Масаның есі шыға мастанып:
— Патшамыздың тамағына кімді тапқанымды білесің бе?
— Е, Маса досым, мен не білуші едім? Сізден денемнің үлкендігі болмаса, ақылым аз емес пе?! Сіз патшаның ақылшысысыз. Кәне, төрем, айтыңызшы, ардақты патшамыздың тамағына кімді таптыңыз?
Маса еліре түсіп:
— Дүниеде патшамызға лайықты ең тәтті тамақ адам қаны екен.
«Һм... Адам сияқты ақылды да айлалы жан домаланған сілімтік жарымжанға жем болып қала ма» деп, қарлығаш бір амал ойлайды.
— Менің ақылымның қысқалығы осы емес пе, Маса төрем! Адамның қаны тәтті дегеніңізге сенер-сенбесімді білмей келем. «Дүниеде тәтті қанды тауып, дәмін татқанның тіліне алтын мөр түсіп қалады» деп, шешем көп айтушы еді. Кәне, тіліңізді шығарып, мөріңізді көрсетіңізші! Алтын мөрге көз салғанның өзі біз үшін үлкен бір медеу ғой.
Бұл мақтауға елірген ессіз Маса:
— Көрсең, көре ғой, байғұс! – деп, тілін ұсынады. Қарлығаш шап беріп, Масаның тілін жұлып алғанда, ол сөйлей алмай, ыз-ыз етіп, патшасы Жыланға қарай ұша жөнеледі.
«Қош, тілің жұлынды. Аузыңа құм құйылды. Адамның қанының тәттілігін енді қалай түсіндірер екенсің?» деген оймен Қарлығаш артынан ұшады.
Маса бірдемелерді айтқысы келіп, ыз-ыз етіп зар қағады. Бірақ еш нәрсені түсіндіре алмайды Жыланға.
— Мұның тілі аузынан түсіп қалған ба, немесе жынданған ба? Мынаның не деп тұрғанын түсінгендерің бар ма? – деп, Жылан тұрғандарға қарайды.
— Өте түсінікті, патшам! – дейді Қарлығаш сонда.
— Түн көрмей кетейін, бірдеңе ұқсам, кәне, түсінсең айтшы, не деп тұр?
— Ызыңдап ұшып жүріп, бүкіл әлемді араладым. Бірақ неше түрлі өсімдікті өзі өсіріп шығарған топырақтан басқа еш нәрсені таппадым, - дейді патшам!
Тілі сөйлеуге жарамаса да құлағы сау Маса мұны естігенде, жаны шығып кете жаздайды.
Ол ызыңдап кеп, Қарлығашқа екі-үш рет тиіседі де Жыланның алдына барып жылап жібереді.
— Ә, ә, мұның тіліне бір пәле қылған сен екенсің ғой, – деп, Жылан Қарлығашқа атылып кеп кетеді. Қарлығаш ұша жөнеледі.
Жылан ұша жөнелген Қарлығаштың құйрығын ғана тістеп қалады. Жылан содан былай топырақ жалап, ал Маса ызылдап қалады. Адам жыланды көрсе өлтіріп, басын езетін болады. Қарлығаш жыланнан қорқып, адамды дос тұтып, үйдің төбесіне ұя салады, бірақ оның құйрығы кем, екі айырық, болып қалады.
Тіл
PDF түсіріп алу
Бақылау
Өңдеу
Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.
Қазақстан Қазақстан тарихы
Emblem of Kazakhstan latin.svg
Ежелгі Қазақстан тарихы
Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі Сақтар • Үйсіндер • Қаңлылар • Ғұндар
Қазақстанның ерте орта ғасырлардағы мемлекеттері
Түркі қағанаты (552—603)
Батыс Түрік қағанаты (603—704)
Шығыс Түрік қағанаты (682—744)
Түргеш қағанаты (704—756)
Қарлұқ қағанаты (756—940)
• Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы • Оғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Қазақстанның дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттері
Қарахан мемлекеті (942-1212) жж. • Қарақытай мемлекеті (1128-1213) жж. • Қыпшақ хандығы Моңғол империясы (1206—1291)
Жошы ұлысы (1224—1481)
Шағатай қағанаты (1222—1370)
Орда-Ежен ұлысы (1242—1446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIII—XV ғғ.)
Көк Орда • Әбілқайыр хандығы (1428—1468)
Ноғай ордасы (1440—1634)
Моғолстан (1348—1514)
Ташкент хандығы (1501—1627)
Қазақ хандығы дәуірі
Қазақ хандығы (1465—1847)
Ұлы жүз (1715—1822)
Орта жүз (1715—1822)
Кіші жүз (1715—1824)
Ресей империясы құрамындағы Қазақстан
Бөкей Ордасы (1801—1872)
Кеңес одағы құрамындағы Қазақстан
Алаш автономиясы (1917—1920)
Түркістан автономиясы (1917—1918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1920—1925)
Қазақ АКСР-і (1925—1936)
Қазақ КСР-і (1936—1991)
Тәуелсіз Қазақстан тарихы
Қазақстан (1991—қазір)
к • т • ө
Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»
Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген.
Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды