Ол сабаққа күнде дайындалады, бірақ пәнге қызығушылығы аз.
Мен демалыс күні кеш тұрдым,сонда да біраз жұмыс тындырдым.
Саяжайда алма ағаштары көп,дегенмен биыл өнім аз болды.
Интернеттен көп ақпарат алуға болады,әйтсе де кей жағдайда кітапқа жүгінген де дұрыс.
Бүгін күн жылы,сонда да сақтанып қалың киініп алдым.
Біз Алматыға Тараздан көшіп келдік, бірақ осы жақтан көп достар таптық.
Университетте достарым көп,дегенмен бәрімен бірдей кездесуге уақыт бола бермейді.
Мен спортпен айналысқанды жақсы көремін, әйтсе де музыкаға көп көңіл бөлемін.
Қыста ауа райы суық,сонда да малшыларға қиын бола қойған жоқ.
Өзеннің суы жылы,алайда шомылуға күн салқындау.
Мен ауылдан кеше келгенмін. Бұл жолы ауылда ұзағырақ болдым. Өйткені, ондағы достарымды қимадым.Бұл достарым басқадардан өзгерек. Ертелі-кеш достарымның қасында боламын. Бұл достық былай басталды. Үйге кіреберістегі есіктен жоғары шатыр астына қарлығаш ұя салыпты. Алғашқы күндері ұя бос болатын. Бірақ қос қарлығаш жоғары-төмен ұшып қонып, ұяға келіп жүрді. Бір күні қарасам ертеңгілік ұяда екі жұмыртқа жатқанын көрдім. Әдетте қарлығаштардың екеулеп өмір сүретінін білетінмін. Бір күні таңертең шиқылдаған дыбыстан кенет оянып кеттім Сөйтсем ұяда балапандар пайда болыпты. Қос қарлығаштың қуаныштарында шек жоқ сияқты!Ұшып-қонып мәз шықылықтар мәз. Көргенімді дереу әжеме айттым. Қарлығаштар да шапшаң қимылдап, балапандарының аузына тамақ әкеп салуда.Әлсін-әлсін ауыздарын жоғаоы қаратып ашқан балапандар аузына салған қоректі жылдам жұтып қойып жатыр.
Қазақстанның жер байлығы
Тақырыбы: Қазақстанның жер байлығы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қоршаған орта, Экология»
Тақырыбы: Қазақстанның жер байлығы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдіс –тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ –жауап және ойын
Көрнекі –құралдар: Қазақстанның картасы, рәміздері,қалалардың суреттері,
Көмір, күріш, бидай, тары, ұн, қант –жер байлықтарын өзін көрсету, мұнай мұнарасы суреті.