М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alexcozearschi
alexcozearschi
24.06.2021 02:39 •  Қазақ тiлi

І. Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен «дұрыс», «дұрыс емес», деген жауаптардың біреуін таңдаңдар. (1-5 ұпай) Наурыз

Шығыс елдерінде жыл басы наурыз айынан басталады. Бұл күн мен түннің теңелген күні. Бұл күн баяғыдан бермен қазақтың жыл басы қып ұстап келе жатқан күні. Наурыз күні -қазақ халқы наурыз көже, нарыздама беретін күн.

     Бірақ жыл басын наурыздан бастап санау жалғыз қазақтарда ғана, өзбектерде ғана емес, дүниежүзілік халықтың бәрінде де бар десек бекер болмас.

Наурызда күн мен түн теңеледі де, жылынады. Күздігүні суықтың ызғарынан өліп қалған табиғат аспаннан құйылған жылудың әсерімен қайтадан тіріледі. Қар ериді, көл бұзылады, өзен, сай тасиды. Көк шығады.

Қазақ халқы -мал баққан шаруа халық. Қазақтың мал бағу шаруасы табиғаттың түрлі өзгеріс қалпына байланысты.

Наурыз айында қазақтың малы төлдейді. Бір малы шаруаның екеу болып, кіріс кіретін ай. Соның үшін қазақта наурыздың қадірі тағы да артығырақ.

1. Шығыс елдерінде жыл басы наурыз айынан басталады.

а) дұрыс

ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған

2. Наурыз күні – саяжайда жұмыс істейді.

а) дұрыс

ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған

3. Наурыз күні -қазақ халқы ботқа, борщ дайындайды.

а) дұрыс

ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған

4. Қазақ халқы -мал баққан шаруа халық.

а) дұрыс

ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған

5. Наурыз айында қазақтың малы төлдемеген.

а) дұрыс

ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған

 

ІІ. Төмендегі сөздердің антонимдерін жазыңдар.     (1-5 ұпай)

Зиян —

Тез —

Қазіргі —

Табу —

Бірге —

Жинау —            

 

ІІІ. Бос орынға керекті қосымшаны жазыңыздар. -ған, -ген, -қан, -кен (1-5 ұпай)

1. Оқы адам мен оқыма адам бірдей емес.

2. Білім алма кісі бақытты бола алмайды.

3. Жақсы адам – ғылым үйрен адам мен оны басқаларға үйрет адам.

4. Адамның білімен білмеі көп.

5. Адам ізде нәрсесін табады.

6. Отанын сат адамға жақындама.

7. Күн шық кезде ұйықтама.

8. Өтірік айт адаммен дос болма.        

                  ІҮ.Лексикалық–грамматикалық тест  (1-5 ұпай)

1.Антонимдік қатар.

A) Жоғары-үлкен B) батыл-қорқақ C) Жұқа-арық D) Төмен-аласа

2.Екі сөзден бірігіп жасалған күрделі сөз.

A) Сүңгуір B) Қасірет C) Екібастұз D) Тасбақа.

3.Заттың ретін білдіретін сан есім.

A) Реттік B) Есептік C) Топтау D) Жинақтық

4. Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз

A) алтын қол B) алтын сағат C) алтын адам D) ашық қол

5. Ғарышқа бірінші болып ұшқан қазақ ғарышкерін табыңыз

A) Т. Әубәкіров B) Д. Оңалбеков C) Д. Жолжақсынов D) Т. Мұсабаев

 

   Бағалау критерийлер:

 «5» -20-17

«4» - 16-13

«3» - 12-9

«2» - 8-ден төмен

👇
Ответ:
maria20061970
maria20061970
24.06.2021

1. Шығыс елдерінде жыл басы наурыз айынан басталады.

а) дұрыс

2. Наурыз күні – саяжайда жұмыс істейді.

ә) дұрыс емес

3. Наурыз күні -қазақ халқы ботқа, борщ дайындайды.

ә) дұрыс емес

4. Қазақ халқы -мал баққан шаруа халық.

а) дұрыс

5. Наурыз айында қазақтың малы төлдемеген

ә) дұрыс емес

ІІ. Төмендегі сөздердің антонимдерін жазыңдар. (1-5 ұпай)

Зиян — Пайда

Тез —Жәй

Қазіргі — Баяғы

Табу — Іздеу

Бірге — Бөлек

Жинау — Шашу

ІІІ. Бос орынға керекті қосымшаны жазыңыздар. -ған, -ген, -қан, -кен (1-5 ұпай)

1. Оқыған адам мен оқымаған адам бірдей емес.

2. Білім алмаған кісі бақытты бола алмайды.

3. Жақсы адам – ғылым үйренген адам мен оны басқаларға үйреткен адам.

4. Адамның білгенімен білмегені көп.

5. Адам іздеген нәрсесін табады.

6. Отанын сатқан адамға жақындама.

7. Күн шыққан кезде ұйықтама.

8. Өтірік айтқан адаммен дос болма.

ІҮ.Лексикалық–грамматикалық тест (1-5 ұпай)

1.Антонимдік қатар.

B) батыл-қорқақ

2.Екі сөзден бірігіп жасалған күрделі сөз.

D) Тасбақа.

3.Заттың ретін білдіретін сан есім.

A) Реттік

4. Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз

B) алтын сағат

5. Ғарышқа бірінші болып ұшқан қазақ ғарышкерін табыңыз

A) Т. Әубәкіров

Объяснение:

4,5(70 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
gusarova17
gusarova17
24.06.2021

Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768 — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені)[1] — жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының қаракерей руының сыбан тармағынан[2].

“Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.

4,5(73 оценок)
Ответ:
langueva1405
langueva1405
24.06.2021

Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

• Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.

• Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау – жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.

• Көпшіліктің алдында жалаңаш - жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.

• Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.

• Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан ұлы жәндіктер болса ұшып түседі.

• Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.

• Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.

• Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.

• Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.

• Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.

• Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.

• Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.

• Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.

• Қос тымақ кигізбейді. Бұлай етсе екі қатын алады деп ырымдалады.

• Аяқ киімді тұрып киюге болмайды. Тек басына іс түскен кісі ғана аяқ киімді тұрып кимек.

• Ит көйлекті балаға жаны иттей берік болсын деп кигізеді.

• Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.

Объяснение:

Киімге байланысты ырым-тымдар

4,6(6 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ