Қолөнер бұл қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды
Қазақстан Республикасы жайлы сұрақтар:
1. Қазақстанның жер аумағы қандай және әлем бойынша нешінші орында?
Қазақстанның жер аумағы 2 724 902 км², әлем бойынша 9 орында.
2. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?
Қазақстан Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытаймен шекаралас.
4. Қазақстан Республикасының астанасы?
Астана қаласы.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
6. Экономиканың негізгі бағыты қандай?
Экономиканың негізгі бағыты - отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік).
7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы?
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге.
8. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады.
9. Қазақстанның ірі қалалары?
Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент.
10. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Қазақстан Республикасының елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы қандай?
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды.
Газетке бірнеше мақалам шыққанмен , фельетон жазбадым . Оқуға он бес ЖЫЛЫМ кетсе де , Диплом алдым . Олар 1944 жылы қыста тау үңгірінде тоғыз күн қоршауда қалғанмен , жауға берілмеді . Немістер дизельді двигатель әкелгенмен , тауды тесе алмады .
Сойлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады.Бул жерде барлыгы карсынкы багынынкылы сойлем тек сол ережеге ман беру керек