М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
hytjnfxyhhjyutf
hytjnfxyhhjyutf
19.03.2021 22:49 •  Қазақ тiлi

1-тапсрма
с этим заданием​


1-тапсрма с этим заданием​

👇
Ответ:
men1tos
men1tos
19.03.2021

ткоеокллклклоплпоп

роа

4,5(83 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
SpoonKeeper
SpoonKeeper
19.03.2021

«Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп кемеңгер ақынымыз Абай айтқандай, дүниеге әндетіп, өлеңдетіп жаңа келген жас нәрестеге жақсы күтім жасап, дұрыс тәрбие беріп өсіру әрбір ата-ананың азаматтық борышы.

Алайда бала тәрбиесіне жас күнінен жөнді мән бермей, кейін баласы ержеткен соң опық жеп жүрген ата- аналар аз емес. Сәбиге тән бір нәрсе естігені мен көргенін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, мейлінше сенгіш еліктегіш барынша таза, адал көңілді білуге, тануға құмар келеді. Сонымен қатар қаталдықты, өрескелдікті, қайырымсыздықты, тағы басқа жағымсыз жайттарды баланың жаны жаратпайды. Неғұрлым жылы сөйлеп, көңілін аулауды жақсы көретіндігі де осы қасиетке байланысты. Баланың жас кезінде әр нәрсені білгісі келіп, ата- анасын көп мазалайтыны белгілі. Ондайда бала сұрағына дұрыс жауап бермей, баланың бетін қайтарып тастайтын ата -аналарда кездеседі. Ол баланың білуге деген құмарлығына нұқсан келтіреді екен. Үнемі балаға зекіп ұрысу, бұйыра сөйлеу бала мінезіне теріс ықпал етіп, дөрекілікке жетелейтін бірден -бір жол екендігін ескерген жөн. Кейбір отбасындағы балалардың мінезі бір- біріне ұқсамайды. Оларға берілетін тәрбие бірдей. Алайда бала мінезіндегі ерекшеліктердің себебі, әдетте тұңғыш балаға ерекше күтім жасалынып, көбірек көңіл бөлінеді, оның әрбір қимылы, сөйлеген сөзі, іс-әрекеті ескерусіз қалмайды. Сондықтан ересектердің ілтипатына, мейіріміне бөленіп, әр нәрсеге көбірек араласқандықтан көңіл- күйі сергек, мінезі ашық, белсенді, жігерлі көрінеді. Ал көп сөйлемейтін тұйық жуас мінез бұдан гөрі көңіл аз бөлінгендіктен, көбінесе өзімен-өзі болып, ескерусіз өскен сәбиге тән.

Әркімнен табыла бермейтін жақсы қасиеттердің бірі – кішіпейілділік пен әдептілік «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала» деген мақалдың өзі де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігінен туып отыр. Ересек адамдар көбінесе сәбидің ісіне балалықтың әсері деп қарайды да, оның кейіннен әдетке айналатындығына онша мән бермейді. Мысалы: бала мақтағанды жаратады деп орынды-орынсыз мақтай берсе, ол кішіпейілділіктен жұрдай, мақтаншақ, даңғой болып өседі. Бала бойындағы жаман-жақсы қасиеттердің бәрінде бір жақтан тауып алмайды, ол көбінесе от басында көргенін қайталайды. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген халық даналығының бәрі де тәжірибеден өмірден алынған. Бала ата-ана өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім тәрбие алады. Сонымен менім айтпағым, әркім өз үйінде қалай баласын тәрбиелесе, бала сол тәрбиеге қарай бағыт алады. Айтарым балаларыңызға қолдан келгенше жақсы тәрбие беруге ұмтылыңыздар дегім келеді.

Объяснение: вот держи))

4,7(45 оценок)
Ответ:
К1а2т3я456
К1а2т3я456
19.03.2021
Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін , күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім,-деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!
4,5(6 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ