Міне
Объяснение:
Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі.Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпан — кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.
Барша ұлттың мәдениетін, салт - дәстүрін құрметтеу - біздің міндетіміз.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бұл әрбір халықтың мәдениеті мен өркениетін, салт - дәстүрін құрметтегеннен деп ойлаймын.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін. Сондықтан "Ынтымақ түбі — игілік" дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!
Объяснение:
.