Аудармасы.
Алтын адам сақ жауынгері болған. Ол Есік қаласындағы сақ қорғанынан табылды. Алтын адамның басында қанатты жылқылар, қар барыстары, арқарлар және құстармен безендірілген ұзын үшкір бас киім бар еді. Ол белбеуі бар берен және алтын салтанатты киім киген. Онымен бірге әлі де шешілмеген / құпиясы ашылмаған жазбаша белгілері бар ыдыс табылды.Қанатты барыстағы алтын адам Қазақстанның ұлттық рәміздерінің біріне айналды. Сақ батырының көшірмелері Қазақстанның көптеген қалаларында бар. Алтын адам қазіргі қазақ халқының ата-бабалары өмір сүрген жер қорғаушыларының ерлігі мен уақыт сабақтастығы бейнесіне айналды.
Бауыр - туыстық атау. Дәстүрлі ортада бір әке-шешеден туған, жақын немере, туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден, бір анадан туған ағайынды адамдарды бірге туған бауыр, бірінен кейін бірі туған бір әкенің балаларын төте бауыр, бір әкеден туған, жастары үлкенді-кішілі адамдарды туған бауыр дейді. Бауырдың кішісі өзінен үлкенге арқа сүйеп еркелесе, үлкені жақсысына сүйініп, жаманына күйінеді, тілегін тілеп, ақыл-кеңес береді. Кейде немере, шөберелер, тіпті рулас адамдар да бірін-бірі бауыр дейді. Қазақтар жақыны қайтқанда «Ой бауырымдап» дауыс салып келеді. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамында бауырдың өте үлкен мәнге ие екендігін білдірсе керек.