Менің сыныбым - эссе
Біздің сыныпта 26 оқушы оқиды. Ең сүйкімді қыздар мен ең мықты ұлдарды осы сыныптан таба аласыздар. Барлық балалар өте мейірімді және ұйымшыл. Олар бір-бірін ренжітпей, тату-тәтті өмір сүруге тырысады. Егер үй тапсырмасы немесе басқа да мәселелер қиындық туғызса, сыныптастарым әрқашан көмекке келуге дайын. Достарымызды ренжітуге немесе мазақ етуге жол бермейміз. Барлық сыныптастарымды жақын дос ретінде қабылдаймын. Сабақтар аяқталған соң, далада серуендеуді және кинотеатрге баруды ұнатамыз. Кейбір кезде араларымызда түсінішпеушіліктер туындағанымен, аз уақыттан кейін қайта достасып кетеміз. Менің сынып жетекшім өте жақсы мұғалім. Оған айтатын алғысым шексіз, кез-келген жағдайда дұрыс жолға бағыттай алады. Ол әрбір оқушының бабын тауып, сыныптың бірлігін сақтап тұрған адам. Ұстазымыз айтқандай: сынып – баланың екінші жанұясы, сондықтан бір-бірімізге бауырмал болу өте маңызды. Достарымды қимаймын. Мектепті бітіргеннен кейін, сыныптастарымның арасында қарым-қатынас үзілмей, жиі кездесіп тұрамыз деп ойлаймын.
Төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба? » деп амандық-саулық сұрасқан. қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. ол қырық күн шөлге , жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. түйенің күштілігі, жүйріктігі, ғы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т. асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
Ерте замандарда адамдарда уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін белгілі құралдары болмағандықтан, Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Сондықтан да, олар осы қажеттілік салдарынан аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отырған.