Жаңа технологияларға таңғалудан қалып барамыз. Əлемнің əр түкпірінде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Осы саланың мамандары ойға сыймайтын жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Мысалы, адам өмірін жеңілдететін роботтарды алайық. Робот – адамға тəн іс-əрекеттерді орындайтын, арнайы бағдарлама немесе басқару пульті арқылы басқарылатын механикалық құрылғы. Қазіргі кезде осы робототехника саласы бойынша əлемде ең үздік Жапония елі. Олардың мамандары адам орнын баса алатын толыққанды роботтарды шығарумен айналысады. Яғни, жапон роботтары адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындап, адамдарға көмекші ретінде қызмет ете алады. Үй жинап, егде кісілерге немесе балаларға күтуші болып, дүкен сатушысы ретінде сатып алушылардың сұрағына жауап бере алатын роботтар немесе ақылды техникалар бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар ғылымының басты тенденциясы.
Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,
Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.
Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –
Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.
Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,
Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.
Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,
Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.
Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,
Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.
Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.
Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,
Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.
Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,
Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.
Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.
Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,
Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.
Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,
Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.
Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,
Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.
Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,
Құл Қожа Ахмет, не білдің? –
Білдіруші Алла бар.