Мазмұны не туралы? 2 мәтін 1 мәтін 1 мәтін Жұлдыз- ете күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Күн Жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып кeрінеді. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді. Айсыз түнде жай кезбен карағанда 5 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоп аркылы миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Ерте заманның езінде-ақ адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Қазіргі кезде 88 шоқжұлдыз бар. Көп уақытқа дейін жұлдыздар орнынан қозғалмайды деп есептелген Аристотель заманынан (біздің заманымыздан бұрынғы 4-ғасыр) бастап, көптеген ғасырлар бойы жұлдызды аспан мәңгілік және өзгермейтін хрусталь сфера тәрізді, оның сыртында құдайлар өмір сүреді деп жорамалданды. 16-ғасырдың соңында Джордано Бруно жұлдыздар да Күн сияқты аспан денелері деген пікір айтты. 2 мәтін Жұлдызды Аспан аспан кумбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы Түнде жай көзбен аспан сферасының жартысынан, ауа райы жақсы жағдайда, бір мезгілде 2,5 мындай жұлдызды (6-жұлдыздық шамаға дейін) көруге болады. Олардың көбісі Құс жолы жолағының манына орналаскан. Бағдарлауға қолайлы болу үшін Жұлдызды аспан, шартты түрде, шоқжұлдыздарға (жалпы саны 88) бөлінген. Жұлдыздарды адамдар ежелден-ақ басты-басты шоқжұлдыздар мен зодиактік жұлдыздарға ажыратқан. Шоқжұлдыздардың атаулары ежелгі гректер мен римдіктердің мифологиясынан алынған (мысалы, Андромеда, Персей, Дельфин, т.б.) немесе егін, мал, аң шаруашылығына (мысалы, Сиыршы, Балықтар, Қоян, т.б.) байланысты қойылған. Мысалы, Геркулес пішіні бір тізесін бүккен адамға, Торпак (көне түркі тілінде Үді) бұқаның мүйізіне, Аққу мен бүркіт - қанатын жая самғап ұшқан құстарға ұқсайды.
Мұхит (Әлемдік мұхит) — гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos — мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).
Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.
Объяснение:
Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді — оның бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10 км асады. [1] Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км², көлемі 1340,74 млн. км³, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрологиялық режімінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Дүние жүзілік су қоры,1360 млн.км³. Мұхиттар 1322000000 км³, мұз жамылғысы мен мұздықтар 29200000 км³, еспе су 8673000 км³, өзен мен көл суы 23250 км³, су булары 13000 км³. Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Олар өзара бұғаздар арқылы қосылып, Дүниежүзілік мұхитты құрайды.