М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Celovek21
Celovek21
18.08.2022 07:20 •  Қазақ тiлi

3. Мәтіні мұқият оқып, мазмұнын 4 сөйлеммен жазыңыз. Нақты 2 ақпаратты анықтаңыз
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен
қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде
қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз
бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері
ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік
білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен
қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай
аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке
тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде
маңызды. Сонымен қатар пиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды
орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузы-мойны,
дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрыпақ ол қандай адам сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің.Бұл-адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып,білу қасиеті.Содан әлдекімді бір көргенде-ақ,《Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен》,《Күлкісі қандай жасанды》,《Түрі қандай тұрпайы,өзі арсыз жан шығар》,-деп те жатамыз.Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендірдеді,тіпті,таң-тамаша да қалдырады.​

👇
Ответ:
Glitchyyy
Glitchyyy
18.08.2022

Ггвоововшвотятяшу8цщлыоялыщу

Объяснение:

Скримеры я так щушвшвщвщул

4,6(43 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
DjRio
DjRio
18.08.2022

Шәкен (Шаһкерім) Айманов — актер, режиссер. Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.

Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.

1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.

Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді.

4,8(44 оценок)
Ответ:
хХхмхХх
хХхмхХх
18.08.2022

1. Чехия астанасы – Прага.

Прага – бұл сиқырлық пен жайлылық жетіспейтіндерге арналған жұмақ. Прага ескі көшелер мен көз тоймайтын көптеген көрікті жерлерімен кез-келген адамды баурап алатын қала.

2.Фиджи астанасы – Сува.

Фиджи Океаниядағы шағын арал. Ал, Сува оның кішкентай астанасы. Бұл қаланың ауданы 2 мың шаршы шақырымды құрайды.

Таңғаларлығы, мұнда бірде-бір жағажай жоқ. Себебі, Сува – бұл портты қала, мұнда тек кеме тоқтайтын жерлер ғана бар.

3.Италия астанасы – Рим.

Рим өте танымал болғанына қарамастан, басқа қалалардан айтарлықтай ерекшеленеді.

Ол көптеген тарихи ескерткіштер мен шіркеулерді сақтап қалған ең көне қала. Мұнда тіпті, «қаланың ішіндегі қала» Ватикан яғни, тағы бір астана, католик шіркеуі бар.

Объяснение:

4,6(93 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ