М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vykvyk005oxq5pm
vykvyk005oxq5pm
02.06.2021 04:28 •  Қазақ тiлi

составить 6 предложений одного вида(мекен үстеуі) и 6 предложений вида(мезгіл үстеу

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Аня12022006
Аня12022006
02.06.2021

Мен бос уақытымды қалай өткіземін?

Мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.

Менің сүйікті хоббиім - сурет салу. Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.

Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.

Қаладағы көркемсурет галереясының бірде бір көрмесін жіберіп алмай, міндетті түрде барып тұрамын, себебі белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық, әрі осы арқылы рухани азық алып, сусындауға болады. Сонымен қатар қазіргі таңда аса танымал болған шеберлік сабақтарына қатысып, бұрын білмеген нәрселерімді үйренуге тырысамын.

Алдыма мақсат қойып, болашақта аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.

4,6(72 оценок)
Ответ:
Адамчик11
Адамчик11
02.06.2021
МАҚАЛАЛАР

Аллаһтың мейірімі шексіз.

Аса қамқор ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!

Анадан ақ сүт іштік піскен емес,
Күнәміз алатаудан кішкене емес.
Күніне мың бір күнә жасасақ та,
Аллаһқа кешем десе еш нәрсе емес.

 

Майлықожа.

 

Құранда көп келтірілген Аллаһтың есім сипаттарының бірегейі оның құлдарына аса қамқорлығы мен ерекше мейірімділігі. Ақиқатында Аллаһты шынайы таныған пенде оған Аллаһтың өлшеусіз қамқорлығын, өтеусіз мейір-махабатын сезінеді. Ол сені жиіркенішті нәрседен сүйкімді қылды. Ешбір мүсінші қанша тырысса да сұлбанды дәл солай сұлу қыла алмас, сені ахсана тақуимде жаратты. Тістер тісі жоқ уақытта сен қарның ашып жылап едің, ананның омырауынан сен үшін мейірім сүтін ағызды. Ол сүт сен үшін шөлдесең сусын, қарның ашса азығың еді. Еш нәрсеге дәмі де  ұқсамайды, еш нәрсе оның орнын толтыра да алмайтын ананың сүті, ол - Аллаһтың  айрықша қамқорлықпен  сен үшін қан мен жынның арасынан жаратқан парқына жетсең бір нығметі еді.

 

Кейін тісін шыққан сәтте сен сүтке тоймай жыладың. Ол саған жер жүзінде сен үшін жаратқан бүкіл қазынасын жомарттығымен жайып салды. Оның кеңпейілдігімен Оның кең байтақ дастарханының қонағы болдың. Ауаны тегін жұттың. Ащы судан бөлінген тәтті суды іштің. Жер сен үшін дастархан болды. Оның қойнауы қара топырақ, жиғаны бір жаңбырдың суы болса да, ол Аллаһтың қамқорлығымен саған өте шебер аспаз тәрізді қызмет қылды. Оның бір жерінен ащы  нәрсені жедің. Бір жерінен тәтті нәрсені жедің. Жер сүт анаң тәрізді, омырауынан Аллаһтың  нығметтерінен сені қалағанынша тояттандырды. Аллаһтың сөзсіз құлдарына мейірімі болмаса, дәл осылай құлдарына қамқорлық жасар ма еді? Жер бетінде Аллаһтың қамқорлығында өмір сүріп, оны танымаған құлдан артық залым бар ма? Өмірі, болмысы, тынысы, тіршілігі, саулығы Аллаһтың қамқорлығынсыз мүмкін еместігі айқын бола тұра, Аллаһтан басқа нәрсенің разылығын іздеп, өзгеге құлшылық қылған құлдан опасыз бар ма? Ессіз адам болмаса Аллаһтың оған деген қамқорлығын әркім сезінеді. Бірақ көре тұра соқыр, біле тұра  мылқау бола қалатын құлдар да баршылық.

 

Аллаһқа және Елшілеріне қарсы шығып, шексіз қамқорлық көрсетіп отырған  Раббысына қылыш көтеретіндер де өкінішке қарай аз емес. Бірақ солай бола тұрса да, яғни Аллаһтан өзгені не өзін пұт қылып, паңданса да, әкеңнен де қамқор, анаңнан да  мейірбан  Аллаһ сен үшін тағы да кешірімділік қылады. Өз мейірбандығының шегіне жеткенше берерін үйіп-төгіп бере береді. Аллаһ «Кәһф» сүресінің 57-58 аятында: «Раббың өте жарылқаушы, мәрхамет иесі. Егер оларды қылықтарының салдарынан қолға алатын болса, әрине оларға азапты тездетер еді. Дегенмен олар үшін белгілі бір мерзім бар. О заман олар, Алладан өзге паналайтын жер таба алмайды», - дейді. 

 

    Аллаһ әрбір қылмысымыз үшін төбемізден қойғылай бермейді. Ол өз мейірбандығымен құлдарының тәубесін күтеді. Мейлі ол құл жер бетін толтыра күнә жасаса да, Аллаһ оны азаптауға асықпайды. Ал құл райынан қайтып тәубе қылса,оған Аллаһтың  қуанышында шек болмайды.
4,7(42 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ