2-тапсырма Әр абзацтан негізгі ойды жазу;
Ауыспалы мағынада қолданылған сөздерді табу.
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен хабар береді. Өзін ортасына сай
мәдениетті, сыпайы ұстаған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады.
Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі арқылы да көрінеді. Адам
өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа өнеге көрсетуі керек.
Сыртқы келбет пен тазалық тығыз байланысты себебі, жеке адам гигиенасы қоғам
гигиенасының бір бөлігі болып саналады. Әр адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің
денсаулығына немқұрайлы қараса, оның денсаулығының оңалуына көмектесе алмайды.
Шешенсөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.