М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alesqwer
alesqwer
25.02.2022 22:00 •  Қазақ тiлi

Составить 4 вопроса. Мәтінді оқу, мазмұнын түсіну, баяндау. Жер байлығы пайдалы қазбалары – жер қой- жер байлығы пайдалы қаз- науында кездесетін табиғи минералды заттар. Өзінің балары физикалық қасиеті бойынша қатты, сұйық және жердің мине газ тәрізді болып үшке бөлінеді. Пайдаланылуы- ралды ре- на байланысты олар мынадай топтарға бөлінеді: сурстары жанғыш – көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақ- татастар; құрылыстық – гранит, мәрмәр, утас, құм және тағы бас- қалар; химиялық шикізат – күкірт, калий тұзы, апатит, графит және тағы басқалар; отқа төзгіш шикізат – қара түсті және сирек металл кендері және тағы басқалар.​

👇
Ответ:
prve17
prve17
25.02.2022

1. Жердің басты байлығы неде?

2.Табиғи минералды заттар қайда кездеседі?

3.Табиғи минералды заттар қанша түрге бөлінеді?

4.Оның пайдалануы қандай топтарға бөлінеді?

Объяснение:Надеюсь ответ был полезным.

4,4(82 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
aynurqulieva
aynurqulieva
25.02.2022
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері

басымдылық белгілері

тыйым салу белгілері

міндеттеу белгілері

ақпараттық-көрсеткіш белгілері

қызмет көрсету белгілері

Қосымша тақтайшалар

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады
4,4(66 оценок)
Ответ:
janaljubche
janaljubche
25.02.2022

Сөз анасы – құлақ.

Бір ауыз сөзбен ешбір күн шалмас қараңғылыққа сәуле шашуға болады. Бір ауыз сөзбен жазылмас деген жан жарасын жазуға да болады. Бір ауыз сөзбен өлтіруге де болады.Ежелден-ақ қазақ елі сөздің қадірін біліп,жоғары қойған.Артындағы жас өрендерге «ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп тәрбие берген.Алайда,бұл қастерлі екен деп жөн-жосықсыз сөйлей беруге де болмайды.Дана халқымыз:“Көзі жоқ, құлағы саудың – ақылы толады,құлағы жоқ, көзі саудың – ақылы солады” деп бекер айтып кетпеген.Сөйлеместен бұрын ести алуың керек.Өзгелер айтқан сөзге құлақ түріп,сараптан өткізуің қажет.Керектісін тіпті жадыңа сақтап ал.Осылайша зейін салып тыңдау арқылы ғана сен өзгелерге өзіңді ұйып тыңдаттыра аласың.Кешегі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да туа сала сөз кемеңгері болмады.Жастайынан әже мен ана,ел аузынан небір қисса,дастандарды, аңыз-әңгімелерді тыңдап өсті емес пе?

“Адам құрсағынан арықтамайды,

құлағынан арықтайды” деген бір-екі ауыз сөзде де зор мән бар.Адам өз құлағы арқылы таңғажайып жылы,әсем сөздерді ғана емес,лас,дөрекі,жүрекке тиер сөздерді де естиді.Міне,мақалдың ойы осында.Құлағыңды ақпа құлақ етпе,онымен тұрпайы сөздерді тыңдама.Одан да жылы-жылы сөздер тыңдап, рухани азық ал,гүлден.

Объяснение:

4,8(72 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ