М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
danikpro200201
danikpro200201
27.02.2022 05:01 •  Қазақ тiлi

с казахским тут вопросы но я не пойму ответ


с казахским тут вопросы но я не пойму ответ
с казахским тут вопросы но я не пойму ответ
с казахским тут вопросы но я не пойму ответ

👇
Открыть все ответы
Ответ:
gasdgg
gasdgg
27.02.2022

Алып Ер Тоңға - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. 

Дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.

4,5(54 оценок)
Ответ:
аграил9
аграил9
27.02.2022

XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры.


Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).


СЮЖЕТІ

Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.


ЖЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫ


«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. Кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспендік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған. Поэманы оқыған адамның мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған Қарабай мен Қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.

4,8(49 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ