М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
snezhanashikolai
snezhanashikolai
04.06.2022 04:04 •  Қазақ тiлi

Киік – қойға ұқсас жануар. Моңғолия мен Қазақстанда ғана сақталған. Киіктер шөлді және далалы аймақтарда тіршілік етеді. Ірі текесінде мүйізі бар, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында киіктер ағаштың жапырақтарымен, шөппен қоректенеді. Олар жылына бір рет мамырдың басында төлдейді. Оның жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны, қарақұстар шабуыл жасайды.
Үкімет киіктерді 2006 жылы «Қызыл кітапқа» енгізді. Өйткені олар азайып бара жатыр. Адамдар киіктерді қорғау керек. Киік – табиғаттың сұлулығы!
ІІ. Берілген мәтін бойынша дұрыс жауапты анықта.
1. Киік қандай аймақта тіршілік етеді?
а) орманды және далалы аймақта ә) таулы және шөлді аймақта
б) шөлді және далалы аймақта в) таулы және орманды аймақта
2. Киіктер қай кезде төлдейді?
а) қыста ә) күзде
б) жазда в) көктемде
3. Киіктердің жас төлдеріне нелер шабуыл жасайды.
а) құстар ә) аңдар
б) жануарлар в) балықтар
Б) Жазылым. Сөйлемдерді, сөздерді қатесіз, нормаларға сәйкес көркем жаз.
ІІІ Берілген сөздерге мәтіннен жұбын тап.
Қарсы мәндес сөздерді жазу Мәндес сөздерді жазу
Кәрі – Тамақтану –
Көбейіп жатыр – Үлкен, ауыр –

ІV Берілген сөйлемдер мен суреттерді сәйкестендіріп жаз.
1) Шаңғы теуіп жүрмін 3) Аққала жасау өте оңай ғой
2) Біз мұз қалашығын жасаймыз! 4) Менің шанам зулап келеді.
V Сұрақтарға жауаптарды қатесіз, нормаларға сәйкес көркем жаз.
1. Қасқырлар қандай аңдарды ұстайды?
2. Киіктің төлі қалай аталады?
3. Маралдар немен қоректенеді?

👇
Открыть все ответы
Ответ:
liza10pav
liza10pav
04.06.2022

Екінші дүниежүзілік соғыс майданында ерлікпен қаза тапқан қазақтың даңқты қызы Әлия Молдағұлованың туғанына биыл 90 жыл толды.

Жеке құжатындағы дерек бойынша, Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда қазіргі Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Анасы Маржан 1930 жылдары ашаршылық кезінде қаза болып, әкесі Нұрмұханбет байдың баласы болғаны үшін қуғын көрген соң, кішкентай Әлия нағашысы Әбубәкір Молдағұловтың тәрбиесінде болады. Сол кісінің фамилиясын алған Әлия Ленинградтағы мектеп-интернатта білім алады. Соғыс басталғанда Әлия Қазақстанға өздерімен бірге алып кетпек болған туыстарына көнбей Ленинградта қалады. Кейін өз еркімен майданға сұранған 17 жастағы бойжеткен мергендер мектебіне қабылданып, дайындықтан өткен.

Әлия Молдағұлова майдандағы алғашқы әскери наградасы – Даңқ орденін 1943 жылы Псков облысындағы Холм қаласы үшін болған ұрыстарда алған. Ал 1944 жылдың 14 қаңтарында Казачиха селосы үшін болған ұрыста опат болған командирдің орнын басып, жауынгерлерді шабуылға бастаған Әлия сол шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапқан. 1944 жылы маусымда үкімет қаулысымен Әлия Молдағұловаға «Совет одағының батыры» атағы берілген.

Ресми деректер бойынша Әлия Молдағұлова 78 фашисті өлтірген. Оның денесі Ресейдің Псков облысында жерленген. Әлияның қабірінен ондаған шақырым жерде қазақтың тағы бір ержүрек қызы – Совет одағының батыры Мәншүк Мәметованың зираты бар.

4,4(35 оценок)
Ответ:
masenkon524
masenkon524
04.06.2022
Во держи это все что можно рассказать
Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ТуыҚазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "көк" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
вот и все.
4,6(50 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ