Кешкі астан кейін тӛр үйге кіріп, стол шамды жақтым да, сырттан ештеңе кӛрінбестей етіп терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы үлкен айна тұр. Столымды соның дәл алдына тақап қойдым да, дүниені шулатып, сойқандап жүрген қылмыскер Қожамен бетпе-бет келіп отырдым. - Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе — тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен бұдан
былай не істеуім керек?
Күн тәртібін протоколға мәнерлеп жаздым да, қылмыскердің жүзіне қарадым:
- Ал сөйле, батырым.
Ол арсыз бұның бәрін қалжың деп ойлайтын болу керек, күледі маған қарап. Көзін бағжитып, ернін шығарып, аузын қисайтып, келекелейді өзімді.
Оның бұл қылығына менің ызам келіп, ашуым қайнап кетті. Қабағымды қарс
түйіп, Ахметовке еліктеп, столды тарс еткізіп қойып қалдым:
- Түрегел!
Батырыңа жан керек екен, ұшып түрегелді.
- Отыр!
Қайта отырды.
- Неге шақырдың, Қожатай? — деп әжем кіріп келе жатыр.
- Шақырғам жоқ, ары барыңыз.
- Дауыстағандай болдың ғой?
- Сізге емес... жайша. Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр. Бөгет жасамаңыз.
- Кеңесі несі?
- Кеңес дегеннің не екенін түсінбейсіз бе? Жиылыс, жиылыс өтіп жатыр.
Әжем бір сәтке аңырып, үрке қарап қалды.
- Әкем-ау, мынау не айтады? Жиылысы несі? Столды айнаның алдына неге қойдың?
- Ту, жарықтық - ай, — деп кейідім мен, — өзіңізге тиісті емес нәрседе не
шаруаңыз бар. Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Өзім, Өзім туралы мәселе қарап жатырмын. Сізге қатынасуға болмайды.
Әжем менің қасыма келді. Қарасы қызғылттанып, жасаураған қоңыр көздері өңменімнен өтіп барады.
- Қожатай, шыбыным... сен... бисмилла деші. Бисмилла деші,
шыбыным... Түнде де ұйықтап жатып, жиылыс ашық, талқылаймын деп, бірдеңелерді айтып шығып едің, шошымалданып жүрсің ғой деймін. Бисмилла деші...
Ыза болғаным соншалық:
- Бисмилла! Бисмилла! Бисмилла! — деп нығарлап үш рет айттым. —
Болды ма? Жоқ, тағы айтайын ба?
- Шыбыным... жалғыздан жалғыз отырып та адам жиналыс өткізе ме
екен? Түн болса, сарылып көп оқисың. Осы сенің ұйқың қанбай жүр ғой деймін?
Мен орнымнан ұшып түрегелдім:
- Айналайын әжетай, барыңызшы. Бөгет жасамаңызшы.
Тартыншақтағанына болмай, әжемді шығарып жібердім де, есікті іліп
алдым.
Кестені толтыр.
Үзіндідегі басты мәселе
Қожаға қалай әсер етті?
Автор бұл үзінді арқылы нені түсіндіргісі кеді?
Қожаның орнында болсаң оқиғадан қандай қорытынды шығарар едің?
Сенің өміріңде ұқсас оқиға болды ма? Болса баяндап жаз.
Сыни хабарлама «Бердібек Соқпақбаев орнында болсам...»
Егер автор орнында болса шығарманы қалай аяқтап, қай тұсын өзгертетіні туралы сыни хабарлама жаз
Ортасында піскен ас.
/Таба, нан/.Үсті темір, асты темір,
Ортасын ал да кемір.
/ Таба, нан/.Былқ-былқ ,былқ семіз,
Қабырғасы жоқ семіз.
/Қамыр/.Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел,елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес.
/Тұз/.Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай.
/Қант/.Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.
/Жұмыртқа/.Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
/Жұмыртқа/.Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
/Жұмыртқа/.Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
/Шай/.Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?
/Кесе, шай/.Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.
/Қымыз, саба, піспек/.Сылдыр сұйық, анады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
/Сүт/.Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.
/Емшек сүті , бес саусақ/.Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба
уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.
/Айран/.Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі .
/Қымыз/.Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
/Құрт/.Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
/Көже мен шөміш/.Кішкентай құдығымның суы тәтті.
/Жіліктің майы/.Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.
/Жіліктің майы/.Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді ,
Дәмі аузынан кетпейді .
/Ана сүті/.Ашылмайды қабағы,
Әркімнің де тамағы.
Ашуланса болады,
Ұлпадай жұмсақ жабағы.
/Тоң май/.Алтын алдым жапырақ ,
Жатқан жері топырақ,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған.
/Өсімдік майы/.Аппақ қардай,
Дәмі балдай .
/Балмұздақ/.
Қол ауызға берді ,
Ауыз жауызға берді ,
Жауыз ирек жол арқылы
Барлығын қазынаға берді.
/Ішкен тамақ/.
Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем емен жолы төмен екен.
Білімді ақын болсаң мен айтайын,
"Құраннан” бір жас үлкен немене екен?
/Нан/.
Напишите лучше загадки!