«Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты бағдарламасы бірнеше жыл өз жемісін беріп келе жатыр. Осы бағдарлама негізінде ауданымызда көптеген іс-шаралар аудандық оқу бөлімімен бірлесе отырып жүргізіліп келеді. Бұл бағдарламаны іске асыратын аталар мен әжелер. Ата десек, шаңырағы биік, еңселі ақ орданы елестетеміз, ал әже десек сол ақ орданың әрбір уығында береке-бірлік, қазына, шежіре тұрғандай елестейді. Ауданымыздағы 25 мектептің барлығында «Аталар алқасы», «Әжелер алқасы» құрылған. Әсіресе, Қабан жырау, Талапты, Еңбекшіқазақ, Жеңіс, Қызыларық мектептерін атап өтуге болады. Ашық тәрбие сағаты, диспуттар жиі өткізіліп тұрады. «Пейіліңді кеңге сал», «Ұлы сөзден ұлағат алайық», «Әке тағылымы», «Алғыс пен қарғыс» деген тақырыптарда өтетін сынып сағаттары мен кездесулер ата-анаға да, балаға да үлкен тәлім-тәрбие берері сөзсіз. Ауданымызда 4018 зейнеткерлер бар, солардың 65-70 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Яғни, әрбір шаңырақта бір зейнеткер әже, ақылшы әже бар деген сөз. Ауданымызда ардагерлерге арналған аталар мен әжелер бөлмесі бар. Бөлме іші нақыл сөздермен, әртүрлі методикалық нұсқаулар, шежірелі фотосуреттермен жабдықталған. Аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ақ әжелер» ансамблі бар, жетекшісі – мәдениет қайраткері Нүри Сүлейменов. Ауданда, облыста өтетін түрлі шараларға қатысып қана қоймай, төсек тартып, ауырып қалған ата-әжелеріміздің көңілін сұрап тұрады. Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – жас отбасыларын ажырасудан сақтап қалу. “Ене жақсы болса, жас отбасы ажыраспайды, бала жақсы болса, ата-ана қарттар үйіне бармайды”. Биылғы жылы алғаш рет «Отбасы күні» аталып өтті. Соған байланысты аудандық, облыстық баслымдарға «Үлгілі отбасы» айдарымен мақалалар берілді. Аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің ұйымдастыруымен «Отбасы – мемлекет уығы» деген тақырыппен ток-шоу өткіздік. Жиналған халық қуанып, жылап тарқасты. Себебі, айта алмаған ойларын ене де, келін де, жас жігіт те «бет перде» арқылы ашық жеткізді. Бұл көрініс әркімнің санасына ой салды. Отырған көпшілік етек-жеңін жиып, кемшілікті өздерінен іздей бастады. Қалай десек те, көш басында аталар мен әжелер келеді. Қариясы бар ел, қазынасы бар ел емес пе? Ауыл-ауылды аралап білгенім, түйгенім, көптеген отбасы ата-енелерімен тұрады екен. Яғни, бұл келіннің жетістігі, ененің кемеңгерлігі. Қазан айын қарттарды құрметтеу айлығы деп жатырмыз, олай болса, кіші буынға айтарымыз, қарттарды құрметтеңдер, барымызды бағалай білейік. Аға буынға айтарымыз, дұрыс қартая білу де өнер. Себебі, бізге қарар көз көп, көш те бізге қарап түзеледі. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетейік, ағайын!
Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Кұйрығымен шылпылдап, Арасында кұлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Мал ішінен айналып, Көңілі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға, Аяңшылы жылпылдап; Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып, Жасы үлкендер бір бөлек Кеңесіп, күліп сылқылдап. Жалшы алдаған жас бала, Жағалайды шешесін Ет әпер деп қыңқылдап. Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап. Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап, Өзгелер басын изейді, Әрине деп мақұлдап. Ақ көйлекті, таяқты Ақсақал шығар бір шеттен Малыңды әрі қайтар деп, Малшыларға қаңқылдап. Бай байғұсым десін деп, Шақырып қымыз берсін деп, Жарамсақсып, жалпылдап. Шапандарын белсенген, Асау мініп теңселген Жылқышылар кеп тұрса, Таңертеңнен салпылдап. Мылтық атқан, құс салған Жас бозбала бір бөлек Су жағалап қутыңдап. Қайырып салған көк құсы Көтеріле бергенде, Қаз сыпырса жарқылдап. Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер қайрат жок, Бағанағы байғұс шал Ауылда тұрып күледі, Қошемет қылып қарқылдап.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. Біреу малма сапсиды, салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен. Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен. Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң, Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең. Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы, Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. От жақпаған үйінің сұры қашып, Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
C. Еш нәрсе.
Объяснение:
А жатпайты ол қосылып жазылады ешкім болып жазылады екіде олда қосылып жазылады С бөлек жазылады еш нәрсе деп жазылады