Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі- жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт.
Еліміздің ертеңгі тізгіні - жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз еліміздің дамыған, алдыңғы қатардағы ел екендігін көре аламыз.
Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен қомағайлықтың, ұйқышылдықтың күштілігі.
1. Нан болса, ән де болады. (Будет хлеб – будет и песня) . 2. Жұмыс ауыр болса да нан тәттi. (Трудна работа, да сладок хлеб) . 3. Жақсы еңбектенсең – ауызың нанға тиеді, Ерiнiп еңбектенсең – ауызың тасқа тиедi. (Поработаешь усердно – губы к хлебу прикоснутся, Поработаешь лениво – губы к камню прикоснутся) . 4. Ақ қар көп болса – ақ нан көп. (Много белого снега – много белого хлеба) . 5. Адатықтан ұдкен ат жоқ, Наннан ұлкен ас жоқ. (Самое святое имя – человек, Самая святая пища – хлеб) . 6. Ас атасы – нан. (Отец еды – хлеб) . 7. Қарны ашқанға қара нан да май татыр, Шөлдегенге қара су да бал татыр. (Голодному – черный хлеб покажется маслом, жаждущему – сырая вода покажется мёдом) . 8. Егінші нанын жейді, Еріншек арын жейді. (Пахарь хлеб свой ест, Лодырь совесть проест)
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
1)Спортпен айналысу адамның денсаулығын жақсартады.
2)Жаттығу жасаудың пайдасы өте көп. Біріншіден денсаулыққа тігізер пайдасы өте көп,екіншіден спортпен айналыссаң адам өмірін ұзартады.
3)Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар.Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болуы қажет.