Тапсырма Берілген үзіндіні талдаңыз. Қандай көркемдегіш құралдар қолданылған? Қолданылу
ерекшелігін анықтаңыз.
Өте жақсы балалар. Бірақ, не керек, асыр салып уайым-қайғысыз өткізетін сәби өмірлері
оқ пен оттың ортасында өтіп жатыр. Кыршын жастар жасына жетпей, өмір қызығын көре
алмай кетуі де мүмкін ғой. Біз болсақ елуге кеп қалдық. Жас шағымыз да жаман өткен жоқ.
Жігіттік дәуірдің де қызығын көрдік. Алай-бұлай болып кетсек, екінші де жоқ сияқты,
бұларға қарағанда. Қаршадай бастарынан айдалада түнеп, бозторғайша таң сәрісінен
тұрып, бұта паналап жүргендері мынау, бұлар тағдырға не жазды екен?! Бористі қойшы,
оның мамасы жанында ғой. Ана Сережа бейшараны айтсаңшы! Шешесі болса жау
қолынан қаза тапты. Әкесінің
тапты. Әкесінің кайда екені, олі-тірісі де белгісіз. Ол елінде,
туган-туысқандарының арасында жүрсе тагы бір сәрі, басқа елде, басқа халықтың
арасында жүр. Ол тіпті жас қой, не түсінеді? Елінің қайда екенін де білмейтін шығар.
Осынша бүліншілікке қанішер карашы Гитлер жауатты! Баланы анадан, ананы баладан
айырған сол қарақшы! Менің Жорам да осылардай. Оның өмірі не болар екен? Бірақ ол
Айтеуір әке-шешесінің жанында ғой. Отрядта өзіммен бірге ғой.
помагите!!
Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген. Ж.Аймауытов ақынның 149-шы хикметіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстамбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған. Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылды. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармада ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.